https://sputnik.kz/20230121/zhagday-ote-auyr-toqaev-rudnyydagy-zhylu-qubyryndagy-zharylys-saldaryn-baryp-kordi--31331968.html
"Жағдай өте ауыр": Тоқаев Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарын барып көрді
"Жағдай өте ауыр": Тоқаев Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарын барып көрді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ең алдымен Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс... 21.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-21T14:28+0500
2023-01-21T14:28+0500
2023-01-21T14:58+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/01/15/31331443_0:51:1281:771_1920x0_80_0_0_18564e695dd52cb1838a140c00018deb.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ең алдымен Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары бойынаш есебін тыңдады."Жалпы, еліміз бойынша да, осы облыста да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр. Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын", - деді Тоқаев.Оның айтуынша, бұл басты міндет, оны созбалаңға салуға болмайды."Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет", – деп атап көрсетті президент.Мемлекет басшысы қала тұрғындарымен кездесу барысында азаматтардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын мәлімдеді. Қостанай облысы мен қала әкімдіктері Рудныйдағы жағдайды жедел қалпына келтіруге тиіс."Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырдым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Сонымен қатар мемлекет басшысы үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті.Айта кетері, 19 қаңтарда Рудный қаласында жеке сектор мен 24 көпқабатты үйдің тұрғындары жылусыз қалды. Диаметрі 530 миллиметр қалалық жылу магистралінде апат болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/15/31331443_92:0:1187:821_1920x0_80_0_0_c13b80d788432ec5e12ff83f416545ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ең алдымен Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары бойынаш есебін тыңдады.
"Жалпы, еліміз бойынша да, осы облыста да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр. Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл басты міндет, оны созбалаңға салуға болмайды.
"Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет", – деп атап көрсетті президент.
Мемлекет басшысы қала тұрғындарымен кездесу барысында азаматтардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын мәлімдеді. Қостанай облысы мен қала әкімдіктері Рудныйдағы жағдайды жедел қалпына келтіруге тиіс.
"Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырдым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар мемлекет басшысы үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті.
Айта кетері, 19 қаңтарда Рудный қаласында жеке сектор мен 24 көпқабатты үйдің тұрғындары жылусыз қалды. Диаметрі 530 миллиметр қалалық жылу магистралінде апат болды.