https://sputnik.kz/20230121/tagy-eki-sayasi-partiya-mazhilis-saylauyna-qatysuy-mumkin-31329287.html
Тағы екі саяси партия мәжіліс сайлауына қатысуы мүмкін
Тағы екі саяси партия мәжіліс сайлауына қатысуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына кандидаттар ұсыну 8 ақпанға дейін созылады 21.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-21T12:01+0500
2023-01-21T12:01+0500
2023-01-21T12:01+0500
сайлау
https://sputnik.kz/img/07e5/02/03/16203488_0:0:2933:1651_1920x0_80_0_0_000394536c0d49c87a34e241be23e4c2.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. 8 ақпанға дейін заңға сәйкес тіркеліп үлгерген саяси партиялар алдағы мәжіліс сайлауына қатыса алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Бүгінгі күнге елімізде жеті саяси партия тіркелген. Егер 8 ақпанға дейін тағы да қосымша партиялар тіркеліп жатса, олардың құжаттары заңға сәйкес келетін болса, олар да сайлауға қатыса алады", - деді Өтемісов Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.Бұл ретте журналистер әділет вице-министрі Алма Мұқановадан қанша саяси партия тіркеу сатысында екенін сұрады."Қазіргі таңда екі саяси партияға тиісті растама құжаттарын бердік. Бұған дейін олар бізге өтінім жіберген болатын. Олар "Ел тағдыры" және "Ұрпақтар жалғастығы" партиялары. Олардың жеделдігіне байланысты, егер ол 8 ақпанға дейін тіркеліп үлгерсе, тиісті шешім қабылданады. Қазір олар келесі кезең – съезд өткізуі керек", - деп мәлімдеді Мұқанова.Айта кетері, мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына кандидаттар ұсыну кеше басталды. Науқан 8 ақпанда аяқталады. Егер "Ел тағдыры" және "Ұрпақтар жалғастығы" партиялары осы мерзімге дейін тіркеліп үлгерсе, 19 наурызда өтетін сайлауға түсе алады.Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда тіркелген 7 саяси партияға алдағы мәжіліс сайлауына қатысуға рұқсат берді:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/03/16203488_202:0:2933:2048_1920x0_80_0_0_c5c0ffa7f3bb4f1a46ed815a1fbd9b04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау
Тағы екі саяси партия мәжіліс сайлауына қатысуы мүмкін
Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына кандидаттар ұсыну 8 ақпанға дейін созылады
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. 8 ақпанға дейін заңға сәйкес тіркеліп үлгерген саяси партиялар алдағы мәжіліс сайлауына қатыса алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгінгі күнге елімізде жеті саяси партия тіркелген. Егер 8 ақпанға дейін тағы да қосымша партиялар тіркеліп жатса, олардың құжаттары заңға сәйкес келетін болса, олар да сайлауға қатыса алады", - деді Өтемісов Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.
Бұл ретте журналистер әділет вице-министрі Алма Мұқановадан қанша саяси партия тіркеу сатысында екенін сұрады.
"Қазіргі таңда екі саяси партияға тиісті растама құжаттарын бердік. Бұған дейін олар бізге өтінім жіберген болатын. Олар "Ел тағдыры" және "Ұрпақтар жалғастығы" партиялары. Олардың жеделдігіне байланысты, егер ол 8 ақпанға дейін тіркеліп үлгерсе, тиісті шешім қабылданады. Қазір олар келесі кезең – съезд өткізуі керек", - деп мәлімдеді Мұқанова.
Айта кетері, мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына кандидаттар ұсыну кеше басталды. Науқан 8 ақпанда аяқталады. Егер "Ел тағдыры" және "Ұрпақтар жалғастығы" партиялары осы мерзімге дейін тіркеліп үлгерсе, 19 наурызда өтетін сайлауға түсе алады.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда тіркелген 7 саяси партияға алдағы мәжіліс сайлауына қатысуға рұқсат берді:
"Байтақ" жасылдар партиясы;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
Қазақстан халық партиясы;