https://sputnik.kz/20230121/qostanayda-narkozdan-keyin-komaga-tusken-ush-zhasar-bala-qaytys-boldy-31332424.html
Қостанайда наркоздан кейін комаға түскен үш жасар бала қайтыс болды
Қостанайда наркоздан кейін комаға түскен үш жасар бала қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Қостанайда бір айдан бері комада жатқан үш жасар Әмір есін жимастан қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 21.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-21T15:33+0500
2023-01-21T15:33+0500
2023-01-21T15:33+0500
бала
қостанай
https://sputnik.kz/img/171/53/1715391_0:217:2818:1802_1920x0_80_0_0_2877282595e8bb74a0d35b228074a138.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Қостанайда бір айдан бері комада жатқан үш жасар Әмір есін жимастан қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.15 желтоқсанда 4 балаға жоспарлы ота жасалған болатын. Барлығына да анестезия пайдаланылған. Ота сәтті өтті. Бірақ екі сағаттан кейін балалар есін жимай, жата берген. Ал бірнеше сағат өткен соң балалардың дене қызуы күрт көтеріледі.Кешке қарай үш жасар Әмірдің тыныс алуы қиындап кеткен. Оған бірден реанимациялық шаралар жасалды. Артынан жансақтау бөліміне түскен.Ата-аналар анестезияға реакция болуы мүмкін деген болжам жасады. Дәрінің атауы - S.Profoli. Барлық инъекцияны бір ампуладан жасаған. Әмірдің әкесі денсаулық сақтау басқармасына арыз түсіреді. Сондай-ақ прокуратураға шағым жазды. Оның айтуынша, диагнозда "Мидағы қан айналымының бұзылуы. Уытты энцефалопатия" деп жазылған. Алайда интоксикация неден басталғаны белгісіз.Ал дәрінің сараптамасы әлі аяқталған жоқ. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, оны жаңа туған нәрестелерге де еккен. Бірақ бұған дейін мұндай реакция болмаған. Дәріні артығымен салу фактісі де анықталмады.Әмір осы уақытқа дейін жансақтау бөлімінде жатты. Бала есін жимай, бүгін қайтыс болды.
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/171/53/1715391_69:0:2800:2048_1920x0_80_0_0_1da4a8347ae7feb3c12423d28fc2f2a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, қостанай
Қостанайда наркоздан кейін комаға түскен үш жасар бала қайтыс болды
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Қостанайда бір айдан бері комада жатқан үш жасар Әмір есін жимастан қайтыс болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 15 желтоқсанда 4 балаға жоспарлы ота жасалған болатын. Барлығына да анестезия пайдаланылған. Ота сәтті өтті. Бірақ екі сағаттан кейін балалар есін жимай, жата берген. Ал бірнеше сағат өткен соң балалардың дене қызуы күрт көтеріледі.
Кешке қарай үш жасар Әмірдің тыныс алуы қиындап кеткен. Оған бірден реанимациялық шаралар жасалды. Артынан жансақтау бөліміне түскен.
Ата-аналар анестезияға реакция болуы мүмкін деген болжам жасады. Дәрінің атауы - S.Profoli. Барлық инъекцияны бір ампуладан жасаған.
Әмірдің әкесі денсаулық сақтау басқармасына арыз түсіреді. Сондай-ақ прокуратураға шағым жазды. Оның айтуынша, диагнозда "Мидағы қан айналымының бұзылуы. Уытты энцефалопатия" деп жазылған. Алайда интоксикация неден басталғаны белгісіз.
Ал дәрінің сараптамасы әлі аяқталған жоқ. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, оны жаңа туған нәрестелерге де еккен. Бірақ бұған дейін мұндай реакция болмаған. Дәріні артығымен салу фактісі де анықталмады.
Әмір осы уақытқа дейін жансақтау бөлімінде жатты. Бала есін жимай, бүгін қайтыс болды.