https://sputnik.kz/20230121/mazhilis-saylauyna-7-sayasi-partiya-qatysady---osk-qauly-qabyldady-31327066.html
Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия қатыса алады - ОСК қаулы қабылдады
Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия қатыса алады - ОСК қаулы қабылдады
Sputnik Қазақстан
Ал мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына тек 6 партия жіберіледі 21.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-21T11:07+0500
2023-01-21T11:07+0500
2023-01-21T11:11+0500
сайлау
https://sputnik.kz/img/07e7/01/14/31302442_6:77:1694:1027_1920x0_80_0_0_bb9e4c9e065c974610b8e2d2a5fdfe03.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстанда тіркелген 7 саяси партияны жіберу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Орталық сайлау комиссиясы бүгін өткен отырыста әрбір партия бойынша шешім қабылдады.Осылайша партиялық тізімдер бойынша мәжіліс сайлауына қатыса алатын партиялар:Ал партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына тек 6 партия ғана қатыса алады. "Respublica" партиясы өңірлерде тиісті филиалдарының болмауына байланысты партиялық тізімдер бойынша мәслихат сайлауына қатыса алмайды."Байтақ" партиясының тек үш өңірде ғана филиалы құрылған: Атырау, Қызылорда және Қарағанды облыстарында. Тиісінше аталған партия тек осы үш облыста ғана мәслихат сайлауына қатысуға құқылы.Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров "Байтақ" пен "Respublica" партияларының назарын мына мәселеге аударды."Мәжіліс пен мәслихаттың кезектен тыс сайлауына кандидаттар ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда аяқталады. Егер осы екі партия осы кезең аралығында өңірлерде өз филиалдарын ашып үлгерсе, олар партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихат сайлауына қатысуға рұқсат алуға мүмкіндігі бар", - деді ол.Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы 19 наурызда өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/14/31302442_576:95:1795:1009_1920x0_80_0_0_b5dabc94e7fbbb0502567e8e98521642.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау
Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия қатыса алады - ОСК қаулы қабылдады
11:07 21.01.2023 (жаңартылды: 11:11 21.01.2023) Ал мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына тек 6 партия жіберіледі
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстанда тіркелген 7 саяси партияны жіберу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясы бүгін өткен отырыста әрбір партия бойынша шешім қабылдады.
Осылайша партиялық тізімдер бойынша мәжіліс сайлауына қатыса алатын партиялар:
"Байтақ" жасылдар партиясы;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
Қазақстан халық партиясы;
Ал партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына тек 6 партия ғана қатыса алады. "Respublica" партиясы өңірлерде тиісті филиалдарының болмауына байланысты партиялық тізімдер бойынша мәслихат сайлауына қатыса алмайды.
"Байтақ" партиясының тек үш өңірде ғана филиалы құрылған: Атырау, Қызылорда және Қарағанды облыстарында. Тиісінше аталған партия тек осы үш облыста ғана мәслихат сайлауына қатысуға құқылы.
Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров "Байтақ" пен "Respublica" партияларының назарын мына мәселеге аударды.
"Мәжіліс пен мәслихаттың кезектен тыс сайлауына кандидаттар ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда аяқталады. Егер осы екі партия осы кезең аралығында өңірлерде өз филиалдарын ашып үлгерсе, олар партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихат сайлауына қатысуға рұқсат алуға мүмкіндігі бар", - деді ол.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы 19 наурызда өтеді.