https://sputnik.kz/20230121/mazhilis-saylauy2023-kandidattar-1-mln-tenge-zharna-toleydi-31328438.html
Мәжіліс сайлауы–2023: кандидаттар 1 млн теңге жарна төлейді
Мәжіліс сайлауы–2023: кандидаттар 1 млн теңге жарна төлейді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына түсетін кандидаттар 1 млн теңге сайлау жарнасын төлейді. Ал мәслихат депутаттығына... 21.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-21T11:31+0500
2023-01-21T11:31+0500
2023-01-21T11:31+0500
сайлау
жарна
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4ddc7c868cc05a92f13e7e34ab439aab.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына түсетін кандидаттар 1 млн теңге сайлау жарнасын төлейді. Ал мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін жарна 350 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыста мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына түсетін кандидаттардың сайлау жарнасы қанша болатыны белгілі болды.Партиялық тізім бойынша сайланатын кандидаттар үшін сайлау жарнасын саяси партиялар төлейді."Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде Орталық сайлау комиссиясының шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді. Бүгінде оның мөлшері 1 050 000 теңгені құрайды", - деді ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов.Бұл ретте Мәжіліс депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді."Бір мандаттық округтерге түскен кандидаттар нақ сол мөлшерде жарна төлейді" - деп атап өтті ОСК мүшесі.Ал мәслихат депутаттығына үміткерлер ең төменгі жалақының 5 еселенген мөлшерінде, яғни 350 мың теңге сайлау жарнасын төлейді.Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде 5 пайызын алған жағдайда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады."Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады", - деп мәлімдеді Өтемісов.Айта кетері, бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда тіркелген 7 саяси партияға алдағы мәжіліс сайлауына қатысуға рұқсат берді.Мәжіліс сайлауы қашан өтедіМәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау биыл 19 наурызда өтеді.Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18.00-де аяқталады.Кандидаттар мен саяси партияларды тіркеу 20 қаңтарда басталады және 18 ақпан 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт 18 ақпан 18.01-де басталып, 18 наурыз сағат 00.00-де аяқталады.18 наурыз – тыныштық күні.Сайлаудан кейін мәжіліс 98 депутаттан тұрады. 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.Мәжіліс депутаттығына мынадай талаптар қойылады:Қазақстан азаматы болуы керек;соңғы он жылда Қазақстан аумағында тұруға тиіс;кем дегенде 25 жаста болуы шарт.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_7ef87660891fab34e7923c079ed4310f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау, жарна
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына түсетін кандидаттар 1 млн теңге сайлау жарнасын төлейді. Ал мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін жарна 350 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыста мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына түсетін кандидаттардың сайлау жарнасы қанша болатыны белгілі болды.
Партиялық тізім бойынша сайланатын кандидаттар үшін сайлау жарнасын саяси партиялар төлейді.
"Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде Орталық сайлау комиссиясының шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді. Бүгінде оның мөлшері 1 050 000 теңгені құрайды", - деді ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов.
Бұл ретте Мәжіліс депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.
"Бір мандаттық округтерге түскен кандидаттар нақ сол мөлшерде жарна төлейді" - деп атап өтті ОСК мүшесі.
Ал мәслихат депутаттығына үміткерлер ең төменгі жалақының 5 еселенген мөлшерінде, яғни 350 мың теңге сайлау жарнасын төлейді.
Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде 5 пайызын алған жағдайда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады.
"Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады", - деп мәлімдеді Өтемісов.
Айта кетері, бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда тіркелген 7 саяси партияға алдағы мәжіліс сайлауына қатысуға рұқсат берді.
Мәжіліс сайлауы қашан өтеді
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау биыл 19 наурызда өтеді.
Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттар мен саяси партияларды тіркеу 20 қаңтарда басталады және 18 ақпан 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт 18 ақпан 18.01-де басталып, 18 наурыз сағат 00.00-де аяқталады.
18 наурыз – тыныштық күні.
Сайлаудан кейін мәжіліс 98 депутаттан тұрады. 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс депутаттығына мынадай талаптар қойылады:
Қазақстан азаматы болуы керек;
соңғы он жылда Қазақстан аумағында тұруға тиіс;
кем дегенде 25 жаста болуы шарт.