Астана емханаларында жедел жәрдем бөлімшелері ашылды

© Sputnik / Абзал Калиеваурухана
аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Астанадағы емханаларда жедел медициналық көмек бөлімшелері ашылды, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Пилоттық жоба аясында №4, №5 және №10 емханаларда жыл басынан жедел медициналық көмек бөлімшелері іске қосылды. Негізгі мақсат – стационардағы дәрігерлер жүктемесін азайту және шұғыл көмекті барынша қолжетімді ету.
"Біздің бөлімше жұмыс күндері сағат 08:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда травматолог пен хирург, терапевт дәрігерлер қабылдау жүргізеді, шұғыл қажет болған жағдайда науқастарға стационарда кезек күтудің қажеті жоқ. Фильтр кабинетте жоғары дене қызуы, мұрыннан су ағу сынды маусымдық ЖРВИ, өзге де инфекция белгілерімен, ал қалған науқастарды шұғыл алғашқы медициналық көмек бөлімі қабылдайды", - дейді №10 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Арман Әлібеков.
Жедел жәрдем көмегіне жүгінетін науқастар денсаулық жағдайына қарай төрт санатқа бөлінеді.
"Өмірге және денсаулыққа қаупі бар тізімге алғашқы 3 категория жатады. Енді 4-санаттағы науқастар, яғни өміріне аса қауіп төнбей, созылмалы аурулары асқынған немесе жедел өткір ауруларға тап болған тұрғындар тікелей емханаға барып, медициналық көмек ала алады", - деп атап көрсетті мамандар.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2022
600-ден астам емхана салу қажет – денсаулық сақтау министрлігі
Жаңалықтар
0