ҰҚК жыл басынан бері шекарада мыңнан астам құқық бұзушыны ұстады

© Photo : Погранслужба КНБ КазахстанаҚазақстан шекара қызметінің қызметкері
Қазақстан шекара қызметінің қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 қаңтар — Sputnik. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі 2023 жылдың басынан бері Қазақстан шекарасы арқылы 1 млрд 390 млн теңгеден астам сомаға халық тұтынатын тауарларды, автомобиль бөлшектерін, темекі бұйымдарын және басқа да тауарларды заңсыз тасымалдаудың 143 фактісін тоқтатты. 1 019 құқық бұзушы ұсталды, делінген шекара қызметінің хабарламасында.
Атап айтқанда, Таразда көші-қон заңын бұзған шетелдік азамат анықталып, ұсталды.
Талдықорғанда екі қазақстандықтан 222 ақбөкен мүйізі алынған.
Жамбыл облысының Мерке ауылында 8 кг гашиш есірткі затын сақтаған Қазақстан азаматы ұсталды.
Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңажол" және Жамбыл облысындағы "Қордай" өткізу пункттерінде 160 млн теңгеден астам сомаға автокөлік бөлшектері мен электронды темекілерді заңсыз алып өту әрекеттері тоқтатылды.
Барлық факті бойынша уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Қазіргі күні шекарада өткізу пункттерін жандандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Шекарадағы режимді сапалы және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін 2023 жылғы 16 қаңтардан бастап Астана әуежайында шекараны кесіп өтетін Қазақстан азаматтарын тексеруді және есепке алуды жүзеге асыратын "Q-Gate" автоматтандырылған шекаралық бақылау жүйесі пайдалануға берілді.
"Q-Gate" - Қазақстан азаматтарының паспорт деректерін тексереді және заң бұзушылықтар болмаса оларды өз дерекқорында автоматты түрде тіркейді. Бұл рәсім үшін азамат өзінің төлқұжатын "Q-Gate" жүйесінің сканеріне тіркейді.
Жаңалықтар
0