Мәжіліс сайлауы: бюллетень әзірлеуге қанша теңге жұмсалады

© Sputnik / Владислав ВодневСайлау
Сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2023
Жазылу
НовостиTelegram
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс сайлауына екі түрлі бюллетень әзірленеді. Орталық сайлау комиссиясының болжамды есептеулері бойынша бюллетеньдерді дайындауға 532,2 миллион теңге жұмсалады. Бұл туралы ОСК мүшесі Сабила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына 5 түрлі бюллетень дайындалады. Оның екеуі мәжіліс сайлауында дауыс беру үшін әзірленеді. Кейбір өңірлерде төрт, енді бірінде бес бюллетень беріледі.
"Яғни егер сіз Астана тұрғыны болсаңыз, сайлау күні төрт бюллетень аласыз. Екеуі мәжіліс, екеуі қалалық мәслихат депутаттарын сайлауға. Әрбір өңірде сайлаушылар саны әртүрлі. Әр өңір мәслихат сайлауына бюллетеньдерді өздері әзірлейді. Біз мәжіліс сайлауына екі түрлі бюллетень дайындаймыз", - деді Мұстафина Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.
Ол елімізде 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 11 миллионнан астам сайлаушы бар екенін атап өтті. Заң бойынша бюллетень саны барлық сайлаушы санына +1 процент артық дайындалады.
"Бір бюллетеньді әзірлеу орташа есеппен елімізде 22 теңге тұрады. Кейбір өңірлерде қымбат, кейбірінде арзан. Біз бюджеттік өтінімді жоспарлағанда осы бағаны алдық. Нәтижесінде мәжіліс сайлауына 24 192 340 дана бюллетень керек. Неге? Елдегі сайлаушылар саны екіге көбейтіледі, өйткені екі бюллетень дайындалады. Оған заң бойынша артық дайындалатын бір процент қосылады. Сол себепті бюллетень әзірлеуге жұмсалатын жалпы сома 532,2 миллион теңге. Бұл біздің жоспарлы есептеуіміз", - деп түсіндірді Мұстафина.
ОСК мүшелері алдағы сайлауға дайындалатын барлық бюллетеньде "бәріне қарсымын" тармағы болатынын атап өтті.
Еске салсақ, мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы 19 наурызда өтеді. Кандидаттарды ұсыну бүгін, 20 қаңтарда басталды. Қазақстандықтар саяси партиялардан кандидат бола алады немесе өзін-өзі ұсына алады.
Азамат Әбілдаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2023
Саясат
Орталық сайлау комиссиясы Путинді қолдаған депутатты өкілеттігінен айырды
Жаңалықтар
0