https://sputnik.kz/20230120/amerikalyqtar-ukrainaga-qyrymga-soqqy-zhasau-ushin-qaru-berui-mumkin-31363501.html
Америкалықтар Украинаға Қырымға соққы жасау үшін қару беруі мүмкін
Америкалықтар Украинаға Қырымға соққы жасау үшін қару беруі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Бүгін Германияда орналасқан Рамштайн әскери базасында НАТО мүшелері мен Украина өкілдерінің кездесуі өтеді. The New York Times газеті Байден әкімшілігі Қырымға... 20.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-20T18:59+0500
2023-01-20T18:59+0500
2023-11-01T16:24+0500
украина
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/01/18/31397602_0:0:1260:710_1920x0_80_0_0_e5c374fa4e6ce596eb0d53f8b8875879.jpg
Бүгін Германияда орналасқан Рамштайн әскери базасында НАТО мүшелері мен Украина өкілдерінің кездесуі өтеді. The New York Times газеті Байден әкімшілігі Қырымға соққы жасауға мүмкіндік беретін қару-жарақпен Киевті қамтамасыз етуді қарастырып жатқанын жазды. Бұл туралы РИА Новости.Мұндай ақпаратты Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Нед Прайс та растады. Одан АҚШ Украинаның Қырымға батыс қаруымен соққы жасауын қолдайды ма деп сұраған болатын. "Ақырында, біздің украин әріптестеріміз ол қару-жарақты өз аумағын қорғау үшін қалай және қайда қолданатынын жақсырақ біледі", - деді Прайс.Батыстағылар Қырым Киевке тиесілі деп санайды. Сондықтан түбекке соққы жасау өзге елдің аумағына оқ атумен теңеспейді деп есептейді. Бұл бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атылған Донбастағы жағдайға тым ұқсас.Вашингтон әкімшілігі үшін бұл күтпеген өзгеріс. Себебі, ол жақтағылар күні кешеге дейін географиялық орны, қырымдықтардың қалауы және түбектегі қорғаныс қабілеті Қырымды Украина үшін қол жетпес әскери нысанаға айналдырып отыр деп келді. Бұл туралы The Hill, Foreign Affairs сынды беделді басылымдар да жиі жазды.Ықпалды The Hill басылымы қарашада "Украина Қырымды соғыс жолымен қайтаруы қаншалықты қажет?" деген тақырыпта мақала жариялады. Алайда басылым мұндай әрекетке барудың мәні жоқ екенін тарқатып жазған: "Қорғаныс шебі нығайтылған Қырым жағалауына десант түсіру Украина Қарулы күштері үшін апатты жағдаймен тең болуы мүмкін. Себебі, бұл Ресейдің ядролық қаруды қолдануына түрткі болуы ықтимал".Ал Foreign Affairs басылымы "Қырымды алуға асықпаңдар" деп жазды. "Бұл коалиция үшін ауыр сынақ болуы мүмкін. Шығысеуропалық әріптестер Украинаны барлық жағынан қолдап, Путиннің ядролық қауіп-қатерін елеусіз деп санаса да, Франция, Германия және АҚШ эскалация қаупіне көбірек алаңдайды", - деп жазылған мақалада.Мұның барлығы Киевке ақпарат алаңында Қырым тақырыбын қозғауға кедергі болмады. Киев режимі Қырым мәседесі бойынша түрлі халықаралық жиындар өткізді. Олар әркез Ялтада бас қосуға уәде етіп жатты. Соңғы рет қорғаныс министрінің көмекшісі осы тақырыпты қозғап, Sky News телеарнасына Украина Қарулы күштері желтоқсанның соңына қарай Қырымға табан тірейтіні ықтимал екенін айтты.Польша Украинаның Қырымды қайтару бойынша әскери іс-қимылын толықтай қолдап отыр. Анджей Дуда соңғы Қырым тақырыбында өткен соңғы жиында арнайы сөз сөйлеп, Украинаға Қырымды қайтару "сөзсіз қажет" екенін мәлімдеді. Ал Вашингтон соңғы уақытқа дейін бұл бастамаларға қатысты салқынқандылық танытып келді. "Қырымды алуға асықпаңдар" деген мақала да украиндердің желтоқсанның соңында түбекке соққы жасау бойынша жоспарына қатысты жауап ретінде жарияланды.Мұның барлығы одақтас әскер шабуылды бәсеңдеткен және Херсоннан кеткен кезде қалыптасқан жағдай. Ал қазір майдандағы жағдай түбегейлі өзгерген. Украина Қарулы күштері Соледардан кетті, Артемовсктен де жақын уақытта айырылатын сыңайлы. Олардың соңғы апталардағы шығындары адам айтса сенгісіз. Бірақ Киев режимі қақтығысты тоқтатуға құлшыныс танытпай отыр."Украиналықтар оңтүстік бағыттағы ықтимал шабуыл үшін резерв құруға тырысты. Бұл бөлімшелер Бахмутта толығымен қиратылды. Қазір украиндерде жалпы саны 140-150 мыңдай соғысуға қабілетті жауынгер бар", - деп пікір білдірді Пентагон басшысының бұрынғы кеңесшісі Дуглас Макгрегор. Бұған дейін ол Украина Қарулы күштерінің шығынын 150 мыңға жуық деп бағалаған.The New York Times басылымына ақпарат көзі хабарлағандай, Ақ үйде өткен жиында Украина тығырыққа тірелгендіктен, енді Қырымға қауіп төндіруді ұйымдастыратын уақыт жетті деп шешкен. Алайда, Украина Қарулы күштерінің түбекті алу мүмкіндігі мүлде жоқ екені де мақалада ашық жазылған.The New York Times басылымының жетекші әскери журналистері бастапқыда Байден әкімшілігі Қырымға соққы жасау үшін қолданылатын қару-жарақты Киевке беруден бас тартқызатын талаптарды анықтап көрсеткенін, ал қазір бұл талаптар біршама жеңілдетіліп жатқанын айтты. Вашингтондағылардың пікірінше, Киев тарапынан Қырымға қауіп төндіру Ресеймен бейбіт келіссөз кезінде Украинаның ұстанымын күшейте түседі.Рамштайндағы кездесуде Украина жағына "Хаймарс" зымыран кешендері мен "Брэдли" жаяу әскерге арналған жауынгерлік машиналарын беру мәселесі бекітіледі. Сондай-ақ, мұнда Пентагонда жазылған сценарийлер бойынша осы аталған техниканың қатысуымен әскери оқу-жаттығулар ұйымдастырылады."Америкалықтардың Қырымға соққы жасаудағы негізгі мақсаты белгілі. Бұл Ресейдің күштері мен ресурстарын түбекті қорғауға қарай көңіл бөлуге әкеледі. Сонымен қатар, Пентагон ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің жұмысын бағалап, оны болашақта қолдануға мүмкіндік туады", - деп жазды мақала авторы.Оның пікірінше, бұл қарсы шабуылды кім жүзеге асыратыны белгісіз. Жаяу әскерге арналған машиналарды кім басқарады, "Хаймарстардан" кім соққы жасайды? Артемовсктегі Украин әскерінің қолбасшысы The Wall Street Journal басылымына бір апта бұрын берген сұхбатында "біздің армиядағы жауынгерлер таусылуға жақын" деп айтты. Ал қазір Украина денсаулығы жарамсыз немесе әскери дайындығы жоқ азаматтарды да соғысқа жаппай алдыртып жатыр.Вашингтон әкімшілігіндегі дереккөздердің айтуынша, америкалық ұстанымның өзгеруіне "Қырымға жасалған соққы президент Путинді тактикалық ядролық қаруды қолдануға мәжбүр етеді деген қорқыныштың төмендеуі" ықпал етті. Дегенмен, Ресей билігі тактикалық ядролық қаруды қолданбайтынын бұған дейін бірнеше рет мәлімдеді. Бірақ Қырымға соққы жасалатын болса, онда Ресей мен Батыстың тікелей қақтығысының ықтималдылығы артады.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/18/31397602_0:0:1200:900_1920x0_80_0_0_434d826637403c2d50dac412969ce7cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Бүгін Германияда орналасқан Рамштайн әскери базасында НАТО мүшелері мен Украина өкілдерінің кездесуі өтеді. The New York Times газеті Байден әкімшілігі Қырымға соққы жасауға мүмкіндік беретін қару-жарақпен Киевті қамтамасыз етуді қарастырып жатқанын жазды. Бұл туралы
РИА Новости.
Мұндай ақпаратты Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Нед Прайс та растады. Одан АҚШ Украинаның Қырымға батыс қаруымен соққы жасауын қолдайды ма деп сұраған болатын. "Ақырында, біздің украин әріптестеріміз ол қару-жарақты өз аумағын қорғау үшін қалай және қайда қолданатынын жақсырақ біледі", - деді Прайс.
Батыстағылар Қырым Киевке тиесілі деп санайды. Сондықтан түбекке соққы жасау өзге елдің аумағына оқ атумен теңеспейді деп есептейді. Бұл бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атылған Донбастағы жағдайға тым ұқсас.
Вашингтон әкімшілігі үшін бұл күтпеген өзгеріс. Себебі, ол жақтағылар күні кешеге дейін географиялық орны, қырымдықтардың қалауы және түбектегі қорғаныс қабілеті Қырымды Украина үшін қол жетпес әскери нысанаға айналдырып отыр деп келді. Бұл туралы The Hill, Foreign Affairs сынды беделді басылымдар да жиі жазды.
Ықпалды The Hill басылымы қарашада "Украина Қырымды соғыс жолымен қайтаруы қаншалықты қажет?" деген тақырыпта мақала жариялады. Алайда басылым мұндай әрекетке барудың мәні жоқ екенін тарқатып жазған: "Қорғаныс шебі нығайтылған Қырым жағалауына десант түсіру Украина Қарулы күштері үшін апатты жағдаймен тең болуы мүмкін. Себебі, бұл Ресейдің ядролық қаруды қолдануына түрткі болуы ықтимал".
Ал Foreign Affairs басылымы "Қырымды алуға асықпаңдар" деп жазды. "Бұл коалиция үшін ауыр сынақ болуы мүмкін. Шығысеуропалық әріптестер Украинаны барлық жағынан қолдап, Путиннің ядролық қауіп-қатерін елеусіз деп санаса да, Франция, Германия және АҚШ эскалация қаупіне көбірек алаңдайды", - деп жазылған мақалада.
Мұның барлығы Киевке ақпарат алаңында Қырым тақырыбын қозғауға кедергі болмады. Киев режимі Қырым мәседесі бойынша түрлі халықаралық жиындар өткізді. Олар әркез Ялтада бас қосуға уәде етіп жатты. Соңғы рет қорғаныс министрінің көмекшісі осы тақырыпты қозғап, Sky News телеарнасына Украина Қарулы күштері желтоқсанның соңына қарай Қырымға табан тірейтіні ықтимал екенін айтты.
Польша Украинаның Қырымды қайтару бойынша әскери іс-қимылын толықтай қолдап отыр. Анджей Дуда соңғы Қырым тақырыбында өткен соңғы жиында арнайы сөз сөйлеп, Украинаға Қырымды қайтару "сөзсіз қажет" екенін мәлімдеді. Ал Вашингтон соңғы уақытқа дейін бұл бастамаларға қатысты салқынқандылық танытып келді. "Қырымды алуға асықпаңдар" деген мақала да украиндердің желтоқсанның соңында түбекке соққы жасау бойынша жоспарына қатысты жауап ретінде жарияланды.
Мұның барлығы одақтас әскер шабуылды бәсеңдеткен және Херсоннан кеткен кезде қалыптасқан жағдай. Ал қазір майдандағы жағдай түбегейлі өзгерген. Украина Қарулы күштері Соледардан кетті, Артемовсктен де жақын уақытта айырылатын сыңайлы. Олардың соңғы апталардағы шығындары адам айтса сенгісіз. Бірақ Киев режимі қақтығысты тоқтатуға құлшыныс танытпай отыр.
"Украиналықтар оңтүстік бағыттағы ықтимал шабуыл үшін резерв құруға тырысты. Бұл бөлімшелер Бахмутта толығымен қиратылды. Қазір украиндерде жалпы саны 140-150 мыңдай соғысуға қабілетті жауынгер бар", - деп пікір білдірді Пентагон басшысының бұрынғы кеңесшісі Дуглас Макгрегор. Бұған дейін ол Украина Қарулы күштерінің шығынын 150 мыңға жуық деп бағалаған.
The New York Times басылымына ақпарат көзі хабарлағандай, Ақ үйде өткен жиында Украина тығырыққа тірелгендіктен, енді Қырымға қауіп төндіруді ұйымдастыратын уақыт жетті деп шешкен. Алайда, Украина Қарулы күштерінің түбекті алу мүмкіндігі мүлде жоқ екені де мақалада ашық жазылған.
The New York Times басылымының жетекші әскери журналистері бастапқыда Байден әкімшілігі Қырымға соққы жасау үшін қолданылатын қару-жарақты Киевке беруден бас тартқызатын талаптарды анықтап көрсеткенін, ал қазір бұл талаптар біршама жеңілдетіліп жатқанын айтты. Вашингтондағылардың пікірінше, Киев тарапынан Қырымға қауіп төндіру Ресеймен бейбіт келіссөз кезінде Украинаның ұстанымын күшейте түседі.
Рамштайндағы кездесуде Украина жағына "Хаймарс" зымыран кешендері мен "Брэдли" жаяу әскерге арналған жауынгерлік машиналарын беру мәселесі бекітіледі. Сондай-ақ, мұнда Пентагонда жазылған сценарийлер бойынша осы аталған техниканың қатысуымен әскери оқу-жаттығулар ұйымдастырылады.
"Америкалықтардың Қырымға соққы жасаудағы негізгі мақсаты белгілі. Бұл Ресейдің күштері мен ресурстарын түбекті қорғауға қарай көңіл бөлуге әкеледі. Сонымен қатар, Пентагон ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің жұмысын бағалап, оны болашақта қолдануға мүмкіндік туады", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, бұл қарсы шабуылды кім жүзеге асыратыны белгісіз. Жаяу әскерге арналған машиналарды кім басқарады, "Хаймарстардан" кім соққы жасайды? Артемовсктегі Украин әскерінің қолбасшысы The Wall Street Journal басылымына бір апта бұрын берген сұхбатында "біздің армиядағы жауынгерлер таусылуға жақын" деп айтты. Ал қазір Украина денсаулығы жарамсыз немесе әскери дайындығы жоқ азаматтарды да соғысқа жаппай алдыртып жатыр.
Вашингтон әкімшілігіндегі дереккөздердің айтуынша, америкалық ұстанымның өзгеруіне "Қырымға жасалған соққы президент Путинді тактикалық ядролық қаруды қолдануға мәжбүр етеді деген қорқыныштың төмендеуі" ықпал етті. Дегенмен, Ресей билігі тактикалық ядролық қаруды қолданбайтынын бұған дейін бірнеше рет мәлімдеді. Бірақ Қырымға соққы жасалатын болса, онда Ресей мен Батыстың тікелей қақтығысының ықтималдылығы артады.