Алматыда троллейбус жүргізушісін көлік қағып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Алматыда троллейбус жүргізушісін жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат 07:10-да болған.
Әуезов ауданында Кiа көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Ж. Шаляпин көшесімен батыс бағытта келе жатып, жол бойында келе жатқан троллейбус жүргізушісін қағып кеткен. Қоғамдық көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
"Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.
Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2023
Теміртауда көлік төрт адамды қағып кетті – желіде оқиғаның видеосы тарады
Жаңалықтар
0