Жаңаарқада ақбөкендер ауыл іргесіне дейін жетті

© Sputnik / Обухов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Биыл Ұлытауда киіктің нөпірі қалың. Әсіресе облыстың Бетпақдаламен шектесетін Жаңаарқа ауданында ақбөкендер ауыл іргесіне дейін жетті, деп хабарлайды "Хабар 24".
Мамандар мұндай жағдай ашатұяқтылар миграциясының сақталмауынан болып отырғанын айтады.
Киіктер арқаның 6 ай қысында оңтүстікке қарай жылыстайтын. Биыл теміржол бойындағы сымдар мен биік үйінділерден өте алмай, оңтүстік аймақтарға кешігіп жатыр.
Сондықтан киіктер үшін аса қауіпті аумақ саналатын теміржол бойындағы торлар ашылып, жолдары қардан тазартылды. Бұл жұмыстарды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары "Охотзоопром" мекемесі мен облыстық басқармалардың мамандарымен бірлесе атқарды.
Бүгінде Жаңаарқа ауданында мониторинг бойынша 35 мың бастай киік шоғырланып жүр.
"Киік із салған жол зерттеліп, сол маңнан теміржол ашылды. 200 метрдей жер. Охотзоопром инспекторлары мен біздің инспекция қызметкерлері оларды сол жерден өткізеді", - дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Закария Тұралиев.
Жаңалықтар
0