https://sputnik.kz/20230119/ulytau-oblysynyn-toltanbasy-synga-ushyrady--konkurs-qayta-otkiziledi-31285098.html
Ұлытау облысының төлтаңбасы сынға ұшырады – конкурс қайта өткізіледі
Ұлытау облысының төлтаңбасы сынға ұшырады – конкурс қайта өткізіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Ұлытау облысының әкімдігі кеше ғана үздік деп танылған төлтаңбадан бас тартты. Жергілікті билік желідегі жұрттың сынынан кейін... 19.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-19T16:13+0500
2023-01-19T16:13+0500
2023-01-19T16:23+0500
ұлытау облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/01/13/31280138_15:0:867:479_1920x0_80_0_0_cc8b1128efef78a3bafcc857b9ceb6ac.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Ұлытау облысының әкімдігі кеше ғана үздік деп танылған төлтаңбадан бас тартты. Жергілікті билік желідегі жұрттың сынынан кейін конкурсты қайта өткізуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.18 қаңтарда жаңадан құрылған облыстың төлтаңбасы бекітілгені туралы ақпарат тарады. Бірнеше ай бұрын үздік эскизге байқау жарияланған болатын. Сол кезде республиканың түпкір-түкпірінен 130-ға жуық ұсыныс түсті. Ал 12-18 желтоқсан аралығында арнайы көрме ұйымдастырылып, Жезқазған тұрғындары мен қонақтарының назарына эскиздер ұсынылды.Комиссия мүшелері және көрмеге келген тұрғындар ең үздік 18 эскизді таңдады. Одан кейін "Это Жез" парақшасында онлайн дауыс беру кезінде Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі Шахибаден Сейіткеновтың туындысы үздік деп танылды.Сәулетші таулардың контурлық бейнесін, ал төменгі жағында "ŪLYTAU" деген жазу салған.Комиссия құрамына танымал ғалымдар мен суретшілер, тарихшылар мен педагогтар, құрметті ардагерлер мен қоғам қайраткерлері енді. Төрағасы – ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков.Комиссияның соңғы шешімінен кейін желіде қызу пікірталас басталды. Жаңа төлтаңба сынға ұшырады. Ал әкімдік конкурсты жаңадан өткізуге шешім қабылдады."Облыс Төлтаңбасы мәселесі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Осыған байланысты конкурс қорытындыларын және сәйкесінше конкурстық комиссияның нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды", - делінген бүгінгі хабарламада.
ұлытау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/13/31280138_121:0:760:479_1920x0_80_0_0_3928670b5a9e1b6b0bad64e5ed58ace7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлытау облысы
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Ұлытау облысының әкімдігі кеше ғана үздік деп танылған төлтаңбадан бас тартты. Жергілікті билік желідегі жұрттың сынынан кейін конкурсты қайта өткізуге шешім қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 18 қаңтарда жаңадан құрылған облыстың төлтаңбасы бекітілгені туралы ақпарат тарады. Бірнеше ай бұрын үздік эскизге байқау жарияланған болатын. Сол кезде республиканың түпкір-түкпірінен 130-ға жуық ұсыныс түсті. Ал 12-18 желтоқсан аралығында арнайы көрме ұйымдастырылып, Жезқазған тұрғындары мен қонақтарының назарына эскиздер ұсынылды.
Комиссия мүшелері және көрмеге келген тұрғындар ең үздік 18 эскизді таңдады. Одан кейін "Это Жез" парақшасында онлайн дауыс беру кезінде Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі Шахибаден Сейіткеновтың туындысы үздік деп танылды.
Сәулетші таулардың контурлық бейнесін, ал төменгі жағында "ŪLYTAU" деген жазу салған.
"Төменгі жағында орналасқан "ŪLYTAU" жазуы таңбалы тас петроглифтері стилінде бейнеленген. Бұл өз кезегінде біздің өлкеміздің бай тарихын, халықтың бірлігі мен тұтастығының ғасырлар бойғы дәстүрін бейнелейді. Ғалымдар таңбалы тасты қазақ халқының алғашқы Конституциясы деп атағаны кездейсоқ емес: мұнда ру өкілдері тастарға петроглифтер ойып, Мәңгілік бауырластықта болуға ант берген", - делінген ресми хабарламада.
Комиссия құрамына танымал ғалымдар мен суретшілер, тарихшылар мен педагогтар, құрметті ардагерлер мен қоғам қайраткерлері енді. Төрағасы – ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков.
Комиссияның соңғы шешімінен кейін желіде қызу пікірталас басталды. Жаңа төлтаңба сынға ұшырады. Ал әкімдік конкурсты жаңадан өткізуге шешім қабылдады.
"Облыс Төлтаңбасы мәселесі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Осыған байланысты конкурс қорытындыларын және сәйкесінше конкурстық комиссияның нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды", - делінген бүгінгі хабарламада.