https://sputnik.kz/20230119/ukraina-ishki-ister-ministrliginin-basshysy-mingen-tikushaqtyn-qulauy-terakt-pe-31318926.html
Украина ішкі істер министрлігінің басшысы мінген тікұшақтың құлауы теракт пе?
Украина ішкі істер министрлігінің басшысы мінген тікұшақтың құлауы теракт пе?
Sputnik Қазақстан
Күні кеше бортында Украинаның ішкі істер министрлігінің басшылығы болған тікұшақтың апатқа ұшырауы төңірегінде көп сұрақ туындап отыр. Себебі Киевте Батыстың... 19.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-19T22:52+0500
2023-01-19T22:52+0500
2023-04-04T17:53+0500
украина
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/01/12/31240413_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_f43f570b3c925072d32ac11f7ec3f8aa.jpg
Күні кеше бортында Украинаның ішкі істер министрлігінің басшылығы болған тікұшақтың апатқа ұшырауы төңірегінде көп сұрақ туындап отыр. Себебі Киевте Батыстың бірнеше миллиардтаған әскери көмегі мен қару-жарақ нарығын бақылау үшін "тақталас" басталған сыңайлы, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.18 қаңтарда Киев түбінде ішкі істер министрі Денис Монастырский, оның орынбасары Евгений Енин, мемлекеттік хатшы Юрий Лубкович және басқа да маңызды лауазымды тұлғалар мінген "Еврокоптер Супер Пума" тікұшағы апатқа ұшыраған соң Украинада үш күндік қаралы күн жарияланды. Жойқын жарылыс күші балабақша мен тұрғын үй ғимаратын жартылай қиратты. Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің тікұшағы құлаған жерде қаза тапқан 18 адамның арасында үш бала бар. 29 адам, оның ішінде 15-і бала ауруханаға жатқызылды.Ұшақ апатының "бірқатар ықтимал себептерін" анықтаумен Украинаның Қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) айналысып жатыр. Бортында ІІМ басшылығы болған тікұшақтың қақтығыс қызу жүріп жатқан майдан шебіне бағыт алғаны белгілі. Киевтегілердің көбісі "Супер Пуманың" құлауы қайғылы оқиға емес, бұл "жоспарланған әрекет", яғни борттағы жарылыс ықтималдығы жоғары деп есептейді. Куәгерлердің айтуынша, тікұшақ өртеніп, ауада бөлшектене бастаған."Ішкі істер министрлігінің басшысы Денис Монастырский "Зеленский командасының" адамы болып саналды. Сондықтан, күш құрылымдарының басшысын мақсатты түрде жою президентке жасалған ескерту ретінде қарастырылуы мүмкін. Украинаның шекара қызметі Ішкі істер министрлігіне бағынады. Батыстағы демеушілермен ішкі істер министрлігі және шекара қызметіне арналған қару-жарақ жеткізілімдері бойынша тікелей келіссөздер жүргізген Монастырский және оның орынбасары Енин қайтыс болғаннан кейін барлық үйлестіру жүйесін қайта қалпына келтіру қажет. Сондықтан бұл алдағы уақыттағы ауқымды кадрлық ауыс-түйістерді білдіреді", - деп жазды ресейлік әскери шолушы.Хроленконың пікірінше, 18 қаңтардағы тікұшақ апаты Украинаның ішкі істер министрлігі, Украина Қауіпсіздік қызметі және Украина Қарулы күштері арасындағы билік (ақша) үшін күрестің өршуі ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл Зеленский командасын оны қолдайтын күш құрылымдары басшыларынан "тазарту" мақсатында да орындалуы ықтимал. Сонымен бірге саяси ықпалын арттырған Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйға қарсы арандатушылықты өршіту де көзделуі мүмкін. Жалпы, соңғы уақытта Украина президенті мен бас қолбасшысы арасында текетірес айқын байқалып жүр.Жалпы бұған дейін Батыстағылар Киевке жеткізіліп жатқан қару-жарақ төңірегінде заңсыз әрекеттер көп екенін, жеткізілген барлық көлемнің 10-30 процентін ғана бақылау мүмкін болып отырғанын айтты. Пентагон өз мамандарының күшімен Украинадағы қару-жарақты бақылау жүйесін құруға талпынып көрді. Бірақ соғыс жағдайында әрбір қарудың қайда кеткенін арнықтап білу Технологиялық тұрғыдан мүмкін емес.Бұл төтенше жағдай ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Арсен Аваковты да күдіктіге айналдырып отыр. Ол 2021 жылдың шілдесінде отставкаға кетіп, оның орнына Денис Монастырский келген болатын. Еске салсақ, дәл осы Аваковтың талап етуі бойынша француздардың Airbus Helicopters компаниясынан бұған дейін қолданыста болған "Еврокоптер Супер Пума" тікұшақтары сатып алынды. Бұл әуе көліктерін сатып алудан бұған дейін Польша мен Норвегия бас тартты. Аваковтың Жоғарғы Рададағы ықпалы бәсеңдеген жоқ. Сондықтан ол ішкі істер министрлігіне қайта оралуы ықтимал.Хроленко жазғандай, егер Украина ішкі істер министрлігінің басшылығы мінген тікұшақты өз "әріптестері" жарып жіберген болса, Украинаның қауіпсіздік қызметі бұл туралы тіс жармайды. Сондықтан "Супер Пуманың" технологиялық ақауы анықталды деген ақпарат таратылуы мүмкін. Бұл Украинадағы кез келген ықпалды лауазымды тұлғаларға қатысты қастандық өршуі мүмкін екенін білдіреді.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/12/31240413_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_e6085ddec93accf1130fee09e77bafd6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Күні кеше бортында Украинаның ішкі істер министрлігінің басшылығы болған тікұшақтың апатқа ұшырауы төңірегінде көп сұрақ туындап отыр. Себебі Киевте Батыстың бірнеше миллиардтаған әскери көмегі мен қару-жарақ нарығын бақылау үшін "тақталас" басталған сыңайлы, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
18 қаңтарда Киев түбінде ішкі істер министрі Денис Монастырский, оның орынбасары Евгений Енин, мемлекеттік хатшы Юрий Лубкович және басқа да маңызды лауазымды тұлғалар мінген "Еврокоптер Супер Пума" тікұшағы апатқа ұшыраған соң Украинада үш күндік қаралы күн жарияланды. Жойқын жарылыс күші балабақша мен тұрғын үй ғимаратын жартылай қиратты. Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің тікұшағы құлаған жерде қаза тапқан 18 адамның арасында үш бала бар. 29 адам, оның ішінде 15-і бала ауруханаға жатқызылды.
Ұшақ апатының "бірқатар ықтимал себептерін" анықтаумен Украинаның Қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) айналысып жатыр. Бортында ІІМ басшылығы болған тікұшақтың қақтығыс қызу жүріп жатқан майдан шебіне бағыт алғаны белгілі. Киевтегілердің көбісі "Супер Пуманың" құлауы қайғылы оқиға емес, бұл "жоспарланған әрекет", яғни борттағы жарылыс ықтималдығы жоғары деп есептейді. Куәгерлердің айтуынша, тікұшақ өртеніп, ауада бөлшектене бастаған.
"Ішкі істер министрлігінің басшысы Денис Монастырский "Зеленский командасының" адамы болып саналды. Сондықтан, күш құрылымдарының басшысын мақсатты түрде жою президентке жасалған ескерту ретінде қарастырылуы мүмкін. Украинаның шекара қызметі Ішкі істер министрлігіне бағынады. Батыстағы демеушілермен ішкі істер министрлігі және шекара қызметіне арналған қару-жарақ жеткізілімдері бойынша тікелей келіссөздер жүргізген Монастырский және оның орынбасары Енин қайтыс болғаннан кейін барлық үйлестіру жүйесін қайта қалпына келтіру қажет. Сондықтан бұл алдағы уақыттағы ауқымды кадрлық ауыс-түйістерді білдіреді", - деп жазды ресейлік әскери шолушы.
Хроленконың пікірінше, 18 қаңтардағы тікұшақ апаты Украинаның ішкі істер министрлігі, Украина Қауіпсіздік қызметі және Украина Қарулы күштері арасындағы билік (ақша) үшін күрестің өршуі ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл Зеленский командасын оны қолдайтын күш құрылымдары басшыларынан "тазарту" мақсатында да орындалуы ықтимал. Сонымен бірге саяси ықпалын арттырған Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйға қарсы арандатушылықты өршіту де көзделуі мүмкін. Жалпы, соңғы уақытта Украина президенті мен бас қолбасшысы арасында текетірес айқын байқалып жүр.
Жалпы бұған дейін Батыстағылар Киевке жеткізіліп жатқан қару-жарақ төңірегінде заңсыз әрекеттер көп екенін, жеткізілген барлық көлемнің 10-30 процентін ғана бақылау мүмкін болып отырғанын айтты. Пентагон өз мамандарының күшімен Украинадағы қару-жарақты бақылау жүйесін құруға талпынып көрді. Бірақ соғыс жағдайында әрбір қарудың қайда кеткенін арнықтап білу Технологиялық тұрғыдан мүмкін емес.
Бұл төтенше жағдай ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Арсен Аваковты да күдіктіге айналдырып отыр. Ол 2021 жылдың шілдесінде отставкаға кетіп, оның орнына Денис Монастырский келген болатын. Еске салсақ, дәл осы Аваковтың талап етуі бойынша француздардың Airbus Helicopters компаниясынан бұған дейін қолданыста болған "Еврокоптер Супер Пума" тікұшақтары сатып алынды. Бұл әуе көліктерін сатып алудан бұған дейін Польша мен Норвегия бас тартты. Аваковтың Жоғарғы Рададағы ықпалы бәсеңдеген жоқ. Сондықтан ол ішкі істер министрлігіне қайта оралуы ықтимал.
Хроленко жазғандай, егер Украина ішкі істер министрлігінің басшылығы мінген тікұшақты өз "әріптестері" жарып жіберген болса, Украинаның қауіпсіздік қызметі бұл туралы тіс жармайды. Сондықтан "Супер Пуманың" технологиялық ақауы анықталды деген ақпарат таратылуы мүмкін. Бұл Украинадағы кез келген ықпалды лауазымды тұлғаларға қатысты қастандық өршуі мүмкін екенін білдіреді.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.