https://sputnik.kz/20230119/tsifrlyq-tengemen-qalay-tolem-zhasauga-bolady-video-31275023.html
Цифрлық теңгемен қалай төлем жасауға болады – видео
Цифрлық теңгемен қалай төлем жасауға болады – видео
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда ұлттық банктің бастамасымен цифрлық теңгені енгізу жоспары мақұлданған болатын. Былтыр электронды ақшамен есеп айырысу сыналды. Пилоттық жоба сәтті... 19.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-19T13:57+0500
2023-01-19T13:57+0500
2023-01-19T13:57+0500
цифрландыру
теңге
видео
https://sputnik.kz/img/07e7/01/13/31275874_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_600e63b48d2c554eb30674879f1d497e.jpg
Ал сауалнама кезінде респонденттердің жартысынан көбі цифрлық теңгені қолдануға дайын екенін айтты. Оны 2025 жылға дейін цифрлық теңгені қолдану аясына кеңейту жоспарланып отыр. Sputnik Қазақстан тілшілері цифрлық теңгемен есеп айырысу процесімен танысып қайтты. Цифрлық теңгенің артықшылығы недеҚазақстанда цифрлық теңгені енгізуге ұлттық банқ жауапты. Бұған дейін арнайы жол картасы да әзірленген болатын. Соның аясында технологиялық платформа жасалды.Ұлттық банктің баспасөз хатшысы Асан Ахметжанның айтуынша, цифрлық теңге есеп айырысудың үшінші түрі болады. Оны қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да пайдалануға мүмкіндік бар. "Цифрлық валютамен интернет-эквайринг мобильді қосымшасы арқылы пост-терминалдар мен QR-кодтарды қолдана отырып, төлем жасауға болады. Күнделікті біз қолданып жүрген төлем жүйелерімен салыстырғанда цифрлық теңге интернет болмаса да, бір емес, бірнеше транзакцияны қатар жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, қазір төлем картасымен оффлайн режимде бір ғана транзакция жасай аламыз", - дейді Ахметжан. Ұлттық банк цифрлық теңгемен жасалған транзакциялардың қауіпсіздігіне кепілдік беріп отыр. Пилоттық жоба қалай өттіБылтыр цифрлық теңгені сынақтан өткізіп көрген. Ол үшін алдымен бірнеше кәсіпкерлік нысан таңдалды. Одан кейін банк қызметкерлеріне цифрлық теңгенің шекті сомасы таратылды. Олар сол ақшаға тамақ және тағы басқа тауарлар сатып алған. Сол кезде "Damdes" дәмханасының кассирі Жанат Жәкенова цифрлық теңгені қабылдаған. Оның айтуынша, адамдардың барлығы бірдей цифрлық теңгенің не екенін түсіне бермейді. "Мысалы, біз кімнің цифрлық теңгемен төлейтінін білдік, кімінің қатысатынын да біліп отырдық. Келешекте адамдар өздері "мен цифрлық теңгемен төлеймін" деп айтуы керек шығар. Өйткені басқа банктердің қосымшасы сияқты арнайы қосымша бар", - деп атап көрсетті Жәкенова. Былтыр Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрлық теңге бойынша есеп берілген болатын. Платформа тестілеуден сәтті өтті. 2025 жылдың соңына дейін цифрлық теңгені қолданысқа енгізіледі деген жоспар бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/13/31275874_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_760059bcc486b7a18e2ed283a71f9954.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
цифрлық теңге цифровой тенге
цифрлық теңге цифровой тенге
Цифрлық теңгемен қалай төлем жасауға болады – видео
Қазақстанда ұлттық банктің бастамасымен цифрлық теңгені енгізу жоспары мақұлданған болатын. Былтыр электронды ақшамен есеп айырысу сыналды. Пилоттық жоба сәтті өтті
Ал сауалнама кезінде респонденттердің жартысынан көбі цифрлық теңгені қолдануға дайын екенін айтты. Оны 2025 жылға дейін цифрлық теңгені қолдану аясына кеңейту жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан тілшілері цифрлық теңгемен есеп айырысу процесімен танысып қайтты.
Цифрлық теңгенің артықшылығы неде
Қазақстанда цифрлық теңгені енгізуге ұлттық банқ жауапты. Бұған дейін арнайы жол картасы да әзірленген болатын. Соның аясында технологиялық платформа жасалды.
Ұлттық банктің баспасөз хатшысы Асан Ахметжанның айтуынша, цифрлық теңге есеп айырысудың үшінші түрі болады. Оны қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да пайдалануға мүмкіндік бар.
"Цифрлық валютамен интернет-эквайринг мобильді қосымшасы арқылы пост-терминалдар мен QR-кодтарды қолдана отырып, төлем жасауға болады. Күнделікті біз қолданып жүрген төлем жүйелерімен салыстырғанда цифрлық теңге интернет болмаса да, бір емес, бірнеше транзакцияны қатар жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, қазір төлем картасымен оффлайн режимде бір ғана транзакция жасай аламыз", - дейді Ахметжан.
Ұлттық банк цифрлық теңгемен жасалған транзакциялардың қауіпсіздігіне кепілдік беріп отыр.
Былтыр цифрлық теңгені сынақтан өткізіп көрген. Ол үшін алдымен бірнеше кәсіпкерлік нысан таңдалды. Одан кейін банк қызметкерлеріне цифрлық теңгенің шекті сомасы таратылды. Олар сол ақшаға тамақ және тағы басқа тауарлар сатып алған. Сол кезде "Damdes" дәмханасының кассирі Жанат Жәкенова цифрлық теңгені қабылдаған.
"Цифрлық теңге кәдімгідей теңге сияқты, бағасы да бір. Жобаға бірнеше тамақтану орны қатысты, олардың ішінде біз де бармыз. Біз төлемді телефонға орнатылған арнайы қосымша арқылы әдеттегі QR-кодпен қабылдадық. Қызықты жоба болды", - дейді Жәкенова.
Оның айтуынша, адамдардың барлығы бірдей цифрлық теңгенің не екенін түсіне бермейді.
"Мысалы, біз кімнің цифрлық теңгемен төлейтінін білдік, кімінің қатысатынын да біліп отырдық. Келешекте адамдар өздері "мен цифрлық теңгемен төлеймін" деп айтуы керек шығар. Өйткені басқа банктердің қосымшасы сияқты арнайы қосымша бар", - деп атап көрсетті Жәкенова.
Былтыр Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрлық теңге бойынша есеп берілген болатын. Платформа тестілеуден сәтті өтті. 2025 жылдың соңына дейін цифрлық теңгені қолданысқа енгізіледі деген жоспар бар.