https://sputnik.kz/20230119/mektepte-songy-qonyrau-otetin-kun-auystyryldy-31276429.html
Мектепте соңғы қоңырау өтетін күн ауыстырылды
Мектепте соңғы қоңырау өтетін күн ауыстырылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Қазақстандық оқушылар үшін соңғы қоңырау 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнінде соғылады, деп хабарлады орта білім беру... 19.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-19T13:16+0500
2023-01-19T13:16+0500
2023-01-19T13:43+0500
білім
мектеп
қоңырау уақыты
https://sputnik.kz/img/07e6/05/19/25059915_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_812cceabca4f1cf2e5f0f50bcd8a3ffa.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Қазақстандық оқушылар үшін соңғы қоңырау 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнінде соғылады, деп хабарлады орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова."Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының ұзақтығы 36 аптаны құрайды. Дәстүр бойынша оқу жылының бірінші күні – 1 қыркүйек, ал биылғы жылдан бастап 31 мамыр оқу жылының соңғы күні болады. 31 мамыр – оқу күні, бұл күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтармен қатар сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі", - деді Кәрімова. 1 маусым жазғы каникулдардың бірінші күні болып саналады. "Сондай-ақ, Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар мектептерде соңғы қоңырау өткізіледі", - деп атап өтті Кәрімова.Депутат сыныЕске сала кетсек, кеше мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болғандықтан, мектептердегі соңғы қоңырау күнін басқа күнге ауыстыруды талап етті. Ол Алаш арыстарының мұратын жалғастырып, аманатын ұрпақ санасына сіңіруге тиісті министрліктің 31 мамыр күнінің маңызына мән бермегеніне қынжылды."Арыстарымыздың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға, не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек. Бұл – ешқандай талқылауды қажет етпейтін әділетті талап", - деген болатын Әлтай премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында.
https://sputnik.kz/20230118/deputat-songy-qonyraudy-basqa-kunge-auystyrudy-talap-etti-31222787.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/19/25059915_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_d1ccf98252ec8d4b0b5995e61749a602.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, қоңырау уақыты
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Қазақстандық оқушылар үшін соңғы қоңырау 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнінде соғылады, деп хабарлады орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
"Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының ұзақтығы 36 аптаны құрайды. Дәстүр бойынша оқу жылының бірінші күні – 1 қыркүйек, ал биылғы жылдан бастап 31 мамыр оқу жылының соңғы күні болады. 31 мамыр – оқу күні, бұл күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтармен қатар сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі", - деді Кәрімова.
1 маусым жазғы каникулдардың бірінші күні болып саналады.
"Сондай-ақ, Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар мектептерде соңғы қоңырау өткізіледі", - деп атап өтті Кәрімова.
Еске сала кетсек, кеше мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болғандықтан, мектептердегі соңғы қоңырау күнін басқа күнге ауыстыруды талап етті. Ол Алаш арыстарының мұратын жалғастырып, аманатын ұрпақ санасына сіңіруге тиісті министрліктің 31 мамыр күнінің маңызына мән бермегеніне қынжылды.
"Арыстарымыздың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға, не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек. Бұл – ешқандай талқылауды қажет етпейтін әділетті талап", - деген болатын Әлтай премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында.