"Болашақ" бағдарламасына өзгеріс енгізіледі

© Sputnik / Владислав ВодневБОЛАШАК, центр международных программ
БОЛАШАК, центр международных программ - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі "Болашақ" халықаралық стипендиясының еңбекпен өтеу ережесіне өзгеріс енгізуді ұсынды. Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжатқа сәйкес, стипендияны еңбекпен өтеу міндетін тағы төрт себеппен кейінге шегеруге болады. Ереженің 28-2 тармағына 5,6,7 және 8 тармақшалар қосылып отыр. Жаңа редакцияда еңбекпен өтеу міндетін кейінге шегеру себептері былай жазылады:
1.
еңбек қызметін жүзеге асыруға кедергі болған ауруды емдеу;
2.
шетелде оқитын зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;
3.
мемлекеттік немесе әскери қызметші болып табылатын және шетелге уақытша жұмысқа немесе қызметтен өтуге жіберілген зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;
4.
жүктілік жағдайы, сондай-ақ үш жасқа дейін баланы (балаларды) тәрбиелеу;
5.
іріктеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес "Болашақ" бағдарламасы шеңберіндегі оқуды қоспағанда, докторантура бағдарламасы бойынша академиялық оқуды жалғастыру;
6.
Стипендиат ағымдағы жылы шетелде академиялық оқуын аяқтаған кезде 12 айдан аспайтын еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыруды ұсыну туралы стипендиаттың өтініш берген сәтінде рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес әлемнің үздік ұйымдарының ("Fortune Global 500", "Forbes Global 2000", "Forbes Top 100 Digital Companies"") әлемдік рейтингтеріне кіретін ұйымдарда өндірістік тағылымдамадан өту;
7.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан 12 айдан аспайтын мерзімге Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық ұйымдарында;
8.
алған мамандығы бойынша 12 айдан аспайтын мерзімге посдокторантурадан өту.
"Еңбекпен өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі қағидалардың осы тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда бір рет беріледі", - делінген бұйрықта.
Жаңалықтар
0