Қазақ тілі жайлы сөзінен кейін басы дауға қалған кәсіпкерге қатысты іс тоқтатылды

© Photo : Astana HubРамиль Мухоряпов
Рамиль Мухоряпов - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 қаңтар - Sputnik. Алматы полициясы кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты алауыздық тудыру туралы істі тоқтатты.
"Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру") тіркелген қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеу болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтың болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтады", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласының прокуратурасы бұл шешіммен келіскен.
Еске сала кетсек, қазан айында әлеуметтік желілерде бизнесмен, Chocofamily негізін қалаушы Рамиль Мухоряповтың Ресейден келген мигранттар арасында қазақ тілі туралы айтқан сөзінен кейін жанжал туған болатын. Қазақстандықтарға оның "адам орыс тілін біле тұра қазақша жауап берсе, бұл мәдениеттің белгісі емес" деген сөзі қатты әсер еткен.
Наразы болғандар Chocofamily құрамына кіретін Chocolife, Chocofood, Рахмет, iDoctor, Lensmark.kz, Chocotravel, Aviata компанияларының қызметтеріне бойкот жариялауға шақыра бастады. Кейін Мухоряпов қазақстандықтардан кешірім сұрап, бейнеүндеу жариялады. Ал бас прокуратура бизнесменге қатысты тексеруді бастады.
Forbes.kz-тің 2021 жылғы қазанында шыққан ақпаратында Рамиль Мухоряпов Қазақстанның 50 ықпалды бизнесменінің қатарына кіретіні айтылған.
Жаңалықтар
0