https://sputnik.kz/20230119/almaty-oblysynda-tuzeu-mekemesinin-qyzmetkeri-sottalgan-ayeldi-zorlagan-31285221.html
Алматы облысында түзеу мекемесінің қызметкері сотталған әйелді зорлаған
Алматы облысында түзеу мекемесінің қызметкері сотталған әйелді зорлаған
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Алматы облысындағы "Жауғашты" әйелдер колониясы басшысының көмекшісі сотталған әйелге зорлық-зомбылық жасаған, деп хабарлайды... 19.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-19T21:13+0500
2023-01-19T21:13+0500
2023-01-19T21:13+0500
зорлық-зомбылық
түрме
https://sputnik.kz/img/07e5/06/01/17219583_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_f18d086913aac51f7dd00b88d1344bcc.jpg
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Алматы облысындағы "Жауғашты" әйелдер колониясы басшысының көмекшісі сотталған әйелге зорлық-зомбылық жасаған, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.Іле аудандық соты "ЛА-155/4" түзеу мекемесі бастығының кезекші көмекшісіне қатысты үкім шығарды. Қызметкер өзінің лауазымын пайдаланып, жазасын өтеп жүрген әйелді зорлаған. Сондай-ақ лауазым иесі қасақана психикалық азап келтірген.Оқиға 2021 жылдың 10 маусымында болған. Алайда сотталушы қызметкер өз кінәсін мойындамады.Прокурор соттан сотталушыны кінәлі деп тануды және 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданып, белгілі бір лауазымдарды 3 жыл мерзімге атқару құқығынан айыруды сұрады. Сот зорлық жасаған түрме қызметкерінің кәмелетке толмаған 6 баласы барын ескеріп, үкім шығарған кезде жеңілдетілген жаза түрін қарастырды.Сот сотталушыға 3 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 9 жылға соттады.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/01/17219583_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_5d701bf42dbd8591857eadf4bdf4525a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлық-зомбылық, түрме
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Алматы облысындағы "Жауғашты" әйелдер колониясы басшысының көмекшісі сотталған әйелге зорлық-зомбылық жасаған, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Іле аудандық соты "ЛА-155/4" түзеу мекемесі бастығының кезекші көмекшісіне қатысты үкім шығарды. Қызметкер өзінің лауазымын пайдаланып, жазасын өтеп жүрген әйелді зорлаған. Сондай-ақ лауазым иесі қасақана психикалық азап келтірген.
Оқиға 2021 жылдың 10 маусымында болған. Алайда сотталушы қызметкер өз кінәсін мойындамады.
"Қылмыстық құқық бұзушылық жәбірленушінің айғақтарымен, сот талқылауы барысында зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен, оның ішінде сот-биологиялық және сот молекулалық-генетикалық сараптамасының қорытындысымен дәлелденді", - деп мәлімдеді облыстық сот.
Прокурор соттан сотталушыны кінәлі деп тануды және 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданып, белгілі бір лауазымдарды 3 жыл мерзімге атқару құқығынан айыруды сұрады. Сот зорлық жасаған түрме қызметкерінің кәмелетке толмаған 6 баласы барын ескеріп, үкім шығарған кезде жеңілдетілген жаза түрін қарастырды.
Сот сотталушыға 3 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 9 жылға соттады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.