Украина ішкі істер министрі мен оның орынбасары тікұшақ апатынан қаза тапты

© PhotoДенис Монастырский
Денис Монастырский  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2023
Жазылу
Украина полициясының мәліметінше олар құлаған тікұшақта отырған
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Украина ішкі істер министрлігінің басшысы Денис Монастырский мен оның бірінші орынбасары Евгений Енин Бровары қаласында әуе апатынан қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости Украина полициясына сілтеме жасап.
Соңғы мәлімет бойынша Бровары қаласында тікұшақ апаты салдарынан 18 адам қаза тауып, 26 адам жарақат алған. Жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жатқызылды.
Украина ішкі істер министрлігі апатқа техниканың ақауы, қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе диверсия себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Айта кетері, Киев облысының полициясы Киев түбінде балабақша мен тұрғын үй маңына тікұшақ құлағанын хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
0