Құтқарушылар автокөлік өртенген жағдайда не істеу керектігін айтты
© Photo : pixabay.comИллюстративті фото

© Photo : pixabay.com
Жазылу
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Жыл басынан бері Астана қаласында көліктің өртенуі жиіледі. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін еске салды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Көліктердің өртенуіне электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуі себеп болып отыр.
Егер көлік қозғалыс кезінде жанған болса, мынадай әрекеттерді орындау керек:
көлікті дереу тоқтап, жолаушыларды салоннан эвакуациялаңыз;
101 нөміріне қоңырау шалыңыз, сондай-ақ жақын маңдағы адамдардан көмек сұраңыз;
қозғалтқышты сөндіріп, капотты ысырмалардан босатып, аккумуляторды дереу ажыратыңыз және өрт сөндіргішті қолданыңыз.
Тез тұтанатын сұйықтықтар мен электр жабдықтарын сөндіруге арналған кемінде бір литр өрт сөндіргішті өзіңізбен бірге алып жүргеніңіз жөн. Өрт сөндіргіштің көлемі неғұрлым көп болса, өрттің алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады;
қозғалтқыштағы өртті өшіру үшін суды қолдаңбаңыз, ол электрсымдарының қысқа тұйықталуына және жанармай жануының өршуіне әкелуі мүмкін;
егер өрт сұйық отын көліктің артқы жағына таралса, дереу көліктен алыс жүрге жүгіріңіз;
егер автокөлік гаражда өртеніп кетсе, оны сыртқа шығарып сөндіріңіз;
егер сіз сол сәтте маймен немесе бензинмен жұмыс істеген болсаңыз, өртті сөндіруге тырыспаңыз. Мұндай жағдайда өзіңіз зардап шегуіңіз мүмкін.