https://sputnik.kz/20230118/qazaqstan-frantsiyaga-zansyz-shygarylgan-kapitalyn-qaytara-alady-31217307.html
Қазақстан Францияға заңсыз шығарылған капиталын қайтара алады
Қазақстан Францияға заңсыз шығарылған капиталын қайтара алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Парламент мәжілісі "Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы... 18.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-18T10:26+0500
2023-01-18T10:26+0500
2023-01-18T10:26+0500
франция
қазақстан
https://sputnik.kz/img/235/88/2358842_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_94e4d388cf00654f5a750638f321e0a6.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Парламент мәжілісі "Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілістің отырысында сұрақ-жауап барысында депутат Ерлан Сайыров "Егер Францияда Қазақстан халқына тиесілі капитал табылса, қаражатты осы келісімшарт аясында Қазақстанға қайтарудың қандай тетіктері бар?" деп сұрады.Бас прокурор орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, заң банк шоттарын бұғаттауға, мүлікті тінтуге және тәркілеуге мүмкіндік береді.Айта кетері, "Қазақстан мен Франция арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы" шарт Астанада 2021 жылғы 28 қазанда жасалды.Шартқа сәйкес тараптар қылмыстық құқықбұзушылықтарға қатысты кез келген рәсімдерде бір-біріне барынша кеңінен өзара құқықтық көмек көрсетуге міндеттенеді.Шартты іске асыру екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады.Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста заңды қабылдады.
франция
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/235/88/2358842_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_ff094382aff750fdf3ea808e7ffa11f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
франция, қазақстан
Қазақстан Францияға заңсыз шығарылған капиталын қайтара алады
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Парламент мәжілісі "Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің отырысында сұрақ-жауап барысында депутат Ерлан Сайыров "Егер Францияда Қазақстан халқына тиесілі капитал табылса, қаражатты осы келісімшарт аясында Қазақстанға қайтарудың қандай тетіктері бар?" деп сұрады.
Бас прокурор орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, заң банк шоттарын бұғаттауға, мүлікті тінтуге және тәркілеуге мүмкіндік береді.
"Бұл екі тараптан сұрау салу арқылы жүзеге асады. Біз қылмыстық жолмен табылған ақшаның Францияға шығарылған анықтасақ, Францияға сұрау саламыз. Сол елдің тергеу органдары банк шоттарын анықтап, бізге ақпарат береді немесе біздің сұрауымызбен оған бұғат қояды. Егер қажет болса, тәркілеу амалдары да жүргізіледі", - деп түсіндірді Шындалиев.
Айта кетері, "Қазақстан мен Франция арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы" шарт Астанада 2021 жылғы 28 қазанда жасалды.
Шартқа сәйкес тараптар қылмыстық құқықбұзушылықтарға қатысты кез келген рәсімдерде бір-біріне барынша кеңінен өзара құқықтық көмек көрсетуге міндеттенеді.
Шартты іске асыру екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады.
Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста заңды қабылдады.