Путин: тарихи естеліктер ұмытылмауы керек

© Sputnik / Михаил Куравлев / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин
Президент РФ В. Путин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин елге төнген қауіпке қатысты дер кезінде әрекет ету үшін тарихи естеліктерді ұмытпау керек екенін айтты. Бұл туралы ол Ленинград қоршауын бұзудың 80 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлері және қоршауда болған азаматтармен кездесу барысында мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
"Сіздер тарихи жадыны сақтау қажеттілігі туралы айттыңыздар. Мен мұны толықтай қолдаймын. Біз мұны мемлекеттік деңгейде жүзеге асырамыз", - деді ресейлік президент.
Путиннің айтуынша, көп дерек қазір ұмыт бола бастаған.
"Бәлкім, бұл жаратылысымыздың қорғаныш механизмі шығар. Бірақ, адам баласы жағымсыз жағдайдың барлығын тез ұмытуға тырысады. Өскелең ұрпақ адам баласы бастан кешірген оқиғалар мен қиындықтарды өзіне ешқандай қатысы жоқ факті ретінде қабылдайды. Ал адамдар бұл тікелей бүкіл адамзатқа қатысты тарих екенін түсінуі үшін біз қолдан келгеннін барлығын жасау керекпіз. Бұл сөзсіз қажет", - деді РФ президенті.
Дегенмен, Владимир Путин бір жағынан адамның ауыр ойлар жетегінде жүрмей өмір сүруі тиімді екенін де айтты.
"Әрине, ауыр ойдың, ауыр естеліктердің жетегінде жүріп өмір сүрген дұрыс емес. Бірақ, Ұлы Отан соғысы кезіндегідей жағдай қайталанбас үшін тарихи естеліктер ұмытылмауы керек. Сонымен қатар, тарихи жадыны ұмытпаудың елге төнген қауіпке қатысты дер кезінде әрекет ету үшін де маңызы бар. Осы ауыр сынақты басынан өткізген адамдардың естеліктері өте маңызды. Көп ардагер бүгінде арамызда жоқ. Алайда, көзі тірі ардагерлердің естеліктерін қазірден жазып алып, дәлел ретінде сақтауға қазірден кірісу керек", - деген Путин тарихи жадыны сақтау бойынша тиісті жұмыстар барлық салада жүргізілетініне уәде берді.
Еске салсақ, фашистік Германия әскерінің Ленинградты қоршауы 1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1944 жылдың 27 қаңтарына дейін 879 күнге созылды. Қызыл Армия 1943 жылы 18 қаңтарда қоршауды бұзып кірді. 1944 жылы 27 қаңтарда Ленинград қоршаудан босатылды: кеңес әскерінің "Қаңтардағы күн күркіреу" операциясы кезіндегі қуатты шабуылынан кейін вермахт қала шекарасынан 60-100 километрге артқа ығыстырылды.
1941 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ленинград тұрғындарының саны үш миллионға жуық болған. Қоршау жылдарында түрлі деректер бойынша бір миллионға жуық адам көз жұмды.
Жаңалықтар
0