Путин Ленинградты қорғағандардың ерлігін жас ұрпаққа насихаттауға үндеді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуВизит президента РФ В. Путина в Казахстан
Визит президента РФ В. Путина в Казахстан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ұлы Отан соғысы, соның ішінде, Ленинградты қорғаған адамдардың ерлігі туралы естеліктерді өскелең ұрпаққа насихаттау қажеттілігі туралы айтты. Бұл туралы ол Ленинград қоршауын бұзудың 80 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлері және қоршауда болған азаматтармен кездесу барысында мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
"Ал біз өз кезегімізде бұл ақпаратты, тарихымыздың осы беттерін халықтың жадында мәңгі қалуы үшін болашақ ұрпаққа жеткізуіміз керек. Бұл күн ленинградтықтар үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызы үлкен оқиға болып саналады. Бұл тарихи ауқымдағы айтулы оқиға", - деді Ресей президенті.
Путин мектеп бағдарламасына кеңестік классиктердің туындыларын қайтару туралы ұсынысты қолдады.
"Осы мәселені туралы оқу-ағарту министрімен талқылаймын. Бүтіндей бір ұрпақтың қоғамдық, тарихи ой-санасын қалыптастыратын кеңестік классиктердің туындыларын мектеп бағдарламасына қайтару керек", - деді Ресей көшбасшысы.
Сонымен қатар, Владимир Путин ардагерлермен кездесу барысында Ленинградты қорғау және қоршау туралы музейді дамыту маңыздылығын айтты.
"Ленинградты қорғау және қоршау бойынша мемлекеттік музей бірте-бірте қуатты ұлттық орталыққа айнала алады. Біз осы бағытта жұмыс жасап, мұнда қуатты жалпыұлттық орталық құру керекпіз", - деді Ресей президенті.
Фашистік Германия әскерінің Ленинградты қоршауы 1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1944 жылдың 27 қаңтарына дейін 879 күнге созылды. Қызыл Армия 1943 жылы 18 қаңтарда қоршауды бұзып кірді. 1944 жылы 27 қаңтарда Ленинград қоршаудан босатылды: кеңес әскерінің "Қаңтардағы күн күркіреу" операциясы кезіндегі қуатты шабуылынан кейін вермахт қала шекарасынан 60-100 километрге артқа ығыстырылды.
1941 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ленинград тұрғындарының саны үш миллионға жуық болған. Қоршау жылдарында түрлі деректер бойынша бір миллионға жуық адам көз жұмды.
Жаңалықтар
0