Оқиға

Петропавлда "Магнумнан" өрт шықты

© PhotoМагнумнан өрт шықты
Магнумнан өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Петропавл қаласында "Магнум" сауда орталығынан өрт шығып, 250 адам эвакуацияланды.
Өрт туралы хабар 18 қаңтар сағат 10.44-те келіп түскен. 2 қабатты "Магнум" супермаркетінің 1-ші қабатында орналасқан сауда бутигі өртенген.
© PhotoПетропавлда "Магнум" супермаркеті өртенді
Супермаркет Магнум горел в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2023
Петропавлда "Магнум" супермаркеті өртенді
"Сауда үйі адам көп жиналатын нысан болғандықтан, оған жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру көліктері дереу жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілердің уақтылы келуі мен келісілген әрекеттерінің арқасында өрттің тығыз орналасқан көршілес сауда орындарына одан әрі таралуына жол берілмеді", - деді СҚО ТЖ департаментіндегілер.
© Photo"Магнум" супермаркеті өртенді
Супермаркет Магнум горел в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2023
"Магнум" супермаркеті өртенді
Қатты түтін өртті сөндіру жұмысын қиындатқан. Тілсіз жау 11.28-де оқшауланып, 12.04-те жойылды. Қаза тапқандар мен мен зардап шеккендер жоқ. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған.
© Photo"Магнум" супермаркеті өртенді
Супермаркет Магнум горел в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2023
"Магнум" супермаркеті өртенді
Ведомство ақпаратынша, сауда орталығынан 250 адам эвакуацияланды. Олар өрт сөндіру қызметінің вахтасына және жақын маңдағы дәмханаға жылыну үшін орналастырылды, онда оларға ыстық шай берді.
Өртті сөндіруге СҚО ТЖ департаментінің жеке құрамынан 37 адам және 12 техника жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0