https://sputnik.kz/20230118/oblys-akimderinin-qyzmet-merzimin-shekteu-usynyldy-31225006.html
Облыс әкімдерінің қызмет мерзімін шектеу ұсынылды
Облыс әкімдерінің қызмет мерзімін шектеу ұсынылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының депутаттары облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің жұмыс мерзімін бес жылдық... 18.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-18T12:39+0500
2023-01-18T12:39+0500
2023-08-10T12:17+0500
әкім
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_0:51:1416:848_1920x0_80_0_0_970e00d2eae4954f8070744130aa550a.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының депутаттары облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің жұмыс мерзімін бес жылдық мерзіммен шектеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Ерлік Өмірғалидің айтуынша, отыз жыл бойы Қазақстанда бір ғана партия билікке монополия жасады. Сол себепті ол облыс пен қала әкімдеріне саяси партияға мүше болуға тыйым салу керек деп есептейді.Осыған байланысты "Ақ жол" депутаттық фракциясы үкіметке мынадай нормаларға бастама жасауды ұсынды:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_109:0:1308:899_1920x0_80_0_0_e6f598ca61791bf395a64d1fb134051e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкім
Облыс әкімдерінің қызмет мерзімін шектеу ұсынылды
12:39 18.01.2023 (жаңартылды: 12:17 10.08.2023) АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының депутаттары облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің жұмыс мерзімін бес жылдық мерзіммен шектеуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Ерлік Өмірғалидің айтуынша, отыз жыл бойы Қазақстанда бір ғана партия билікке монополия жасады. Сол себепті ол облыс пен қала әкімдеріне саяси партияға мүше болуға тыйым салу керек деп есептейді.
"Әкімдер тек өз айналасына ғана емес, өз өңірінің барлық азаматына қызмет көрсетуге тиіс. Әкімдердің партияға мүше болуын тоқтату туралы ұсыныс негізді және конституциялық реформаға сай келеді деп санаймыз", - деді Ерлік Өмірғали премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.
Осыған байланысты "Ақ жол" депутаттық фракциясы үкіметке мынадай нормаларға бастама жасауды ұсынды:
1.
облыс пен қала әкімдеріне лауазым атқару кезінде саяси партиялардың мүшесі болуға тыйым салу;
2.
облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымын атқару мерзімін бір реттік 5 жылдық мерзіммен шектеу.