https://sputnik.kz/20230118/elordada-zhanadan-qurylgan-audan-nura-dep-ataldy-31225364.html
Елордада жаңадан құрылған аудан "Нұра" деп аталды
Елордада жаңадан құрылған аудан "Нұра" деп аталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының жаңа құрылған ауданы мен көшелеріне және Жамбыл облысы әкімдігінің Сарысу аудандық мәдениет үйіне атау беру... 18.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-18T13:10+0500
2023-01-18T13:10+0500
2023-01-18T13:10+0500
атаулар
көше атаулары
https://sputnik.kz/img/831/02/8310253_0:158:3001:1846_1920x0_80_0_0_e53dee5997cbe8f0d3c7f88b7fdc117f.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының жаңа құрылған ауданы мен көшелеріне және Жамбыл облысы әкімдігінің Сарысу аудандық мәдениет үйіне атау беру туралы мәселе қаралды. Республикалық ономастика комиссия осы мәселелерге байланысты бірауыздан оң қорытынды берілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Комиссияның қарауына мемлекеттік органдардан барлығы 15 ұсыныс келіп түсті. Оның ішінде Жамбыл облысы әкімдігінің Сарысу аудандық мәдениет үйіне ақын Майкөт Сандыбайұлының есімін беру туралы ұсынысы қолдау тапты.Сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің ұсынысына сәйкес елордада жаңадан құрылған ауданға "Нұра" атауын, бірқатар көшелер және алаңдарға атау беру туралы ұсыныстарына оң қорытынды берілді. Олар:Айта кетсек, комиссия ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімін Астана қаласы Есіл ауданындағы Е-583 көшесіне беру туралы шешім қабылдады."Есімі ел тарихында сақталған тұлғалардың осылай насихатталуы – міндетті құбылыс. Ономастика саласында атқаратын жұмыс көп, барлығы уақыт шеңберінде жүзеге асады деген сенімдеміз", - деді мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/831/02/8310253_164:0:2835:2003_1920x0_80_0_0_42df4006508c88a7f10f61b86bcca086.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атаулар, көше атаулары
Елордада жаңадан құрылған аудан "Нұра" деп аталды
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының жаңа құрылған ауданы мен көшелеріне және Жамбыл облысы әкімдігінің Сарысу аудандық мәдениет үйіне атау беру туралы мәселе қаралды. Республикалық ономастика комиссия осы мәселелерге байланысты бірауыздан оң қорытынды берілді, деп
хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Комиссияның қарауына мемлекеттік органдардан барлығы 15 ұсыныс келіп түсті. Оның ішінде Жамбыл облысы әкімдігінің Сарысу аудандық мәдениет үйіне ақын Майкөт Сандыбайұлының есімін беру туралы ұсынысы қолдау тапты.
Сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің ұсынысына сәйкес елордада жаңадан құрылған ауданға "Нұра" атауын, бірқатар көшелер және алаңдарға атау беру туралы ұсыныстарына оң қорытынды берілді. Олар:
Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңы;
Санжар Асфендияров көшесі;
Бердібек Соқпақбаев көшесі;
Айта кетсек, комиссия ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімін Астана қаласы Есіл ауданындағы Е-583 көшесіне беру туралы шешім қабылдады.
"Есімі ел тарихында сақталған тұлғалардың осылай насихатталуы – міндетті құбылыс. Ономастика саласында атқаратын жұмыс көп, барлығы уақыт шеңберінде жүзеге асады деген сенімдеміз", - деді мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.
Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.