Челахтан әлі жауап алынған жоқ – бас прокуратура

© Sputnik / Талгат ГалимовВладислав Челах , архивтегі фото
Владислав Челах , архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Арқанкерген ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтан әлі жауап алынған жоқ. Арызы бас прокуратураның қарауында. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, Челах арыз бойынша өз түсініктемесін берген.
"Челахтың арызы біздің қарауымызда жатыр. Нәтижесі бойынша оған жауап береміз. Одан жауап алынған жоқ", - деді Шындалиев мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Владислав Челахтың мәлімдемесі тарады. Ол Арқанкергендегі оқиға шын мәнінде қалай болғанын айтамын деп мәлімдеген еді.
2012 жылы шекарашы Владислав Челах 14 әскери қызметші мен бір қорықшыны өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.
Жаңалықтар
0