https://sputnik.kz/20230117/sqo-turistik-gaz-ballony-pesh-er-adam-31194317.html
СҚО-да туристік газ баллонымен пеш жақпақ болған ер адам көз жұмды
СҚО-да туристік газ баллонымен пеш жақпақ болған ер адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында туристік газ баллонымен пеш жақпақ болған ер адам денесін күйік шалып қайтыс болды, деп хабарлайды... 17.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-17T16:10+0500
2023-01-17T16:10+0500
2023-08-09T12:49+0500
оқиға
газ баллоны
ер адам
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/410/63/4106349_0:120:1920:1200_1920x0_80_0_0_08a867693fc1a83a1e7a0599ca745d5c.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында туристік газ баллонымен пеш жақпақ болған ер адам денесін күйік шалып қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Трагедия Аққайың ауданы Тоқушы ауылында болды."Ер адам пеш жағу үшін туристік газ баллонын қолданған. Құрылғыны дұрыс пайдаланбау салдарынан ер адамның аяғының 30%-ін күйік шалған. Осыдан кейін ол ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, ер адам медициналық мекемеде көз жұмды", - деді брифингте облыстық ТЖ департаменті басшысының орынбасары Дмитрий Растихин.Бұдан бөлек, өткен демалыста Қызылжар ауданында жер үйден өрт шығып, 61 жастағы ер адам қаза болды. Екінші ер адам екінші дәрежедегі күйікпен ауруханаға жатқызылды.Облыстың өрт сөндірушелері өңірде өрттің жиілеп кетуіне алаңдап отыр."Жалпы жыл басынан бері өңір аумағында 21 өрт тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт саны 40%-ке өскен. 70%-тен астамы тұрғын үй секторына келеді. Қаңтар айынан бері өрттен 6 адам қаза тапты. Үш адам иіс тиіп уланды, біреуі көз жұмды", - деді Растихин.Оның айтуынша, қайғылы оқиғалардың көбі ішімдіктен болады. Былтыр көз жұмғандардың тең жартысы өрт кезінде мас болған.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/410/63/4106349_124:0:1832:1281_1920x0_80_0_0_a510d664f4070f016b85e842490ea9a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ баллоны, ер адам, солтүстік қазақстан облысы
газ баллоны, ер адам, солтүстік қазақстан облысы
СҚО-да туристік газ баллонымен пеш жақпақ болған ер адам көз жұмды
16:10 17.01.2023 (жаңартылды: 12:49 09.08.2023) АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында туристік газ баллонымен пеш жақпақ болған ер адам денесін күйік шалып қайтыс болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Трагедия Аққайың ауданы Тоқушы ауылында болды.
"Ер адам пеш жағу үшін туристік газ баллонын қолданған. Құрылғыны дұрыс пайдаланбау салдарынан ер адамның аяғының 30%-ін күйік шалған. Осыдан кейін ол ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, ер адам медициналық мекемеде көз жұмды", - деді брифингте облыстық ТЖ департаменті басшысының орынбасары Дмитрий Растихин.
Бұдан бөлек, өткен демалыста Қызылжар ауданында жер үйден өрт шығып, 61 жастағы ер адам қаза болды. Екінші ер адам екінші дәрежедегі күйікпен ауруханаға жатқызылды.
Облыстың өрт сөндірушелері өңірде өрттің жиілеп кетуіне алаңдап отыр.
"Жалпы жыл басынан бері өңір аумағында 21 өрт тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт саны 40%-ке өскен. 70%-тен астамы тұрғын үй секторына келеді. Қаңтар айынан бері өрттен 6 адам қаза тапты. Үш адам иіс тиіп уланды, біреуі көз жұмды", - деді Растихин.
Оның айтуынша, қайғылы оқиғалардың көбі ішімдіктен болады. Былтыр көз жұмғандардың тең жартысы өрт кезінде мас болған.