Қазақстандық композитор Кандағы байқауда үздік бестіктің қатарына енді

Давид Литвинов Cannes Shorts Француз байқауында "Үздік композитор" номинациясының тізіміне енді
 Давид Литвинов Cannes Shorts Француз байқауында Үздік композитор номинациясының тізіміне енді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Жазылу
НовостиTelegram
ПЕТРОПАВЛ, 17 қаңтар – Sputnik. Петропавлдық музыкант Давид Литвинов Cannes Shorts Француз байқауында "Үздік композитор" номинациясының тізіміне енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кандағы байқаудың қазылар алқасын таңғалдырған музыканы Давид "Victoria" фильміне жазған. Бұл фильмді петропавлдық режиссер Александр Шингуров түсірген.
Төрт минуттық фильм АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы ұйымдастырған "48 hour Film Race" Орта Азия байқауы үшін арнайы түсірілген. Конкурстың шарттары бойынша қысқа метражды фильмді екі күнде түсіру керек болған.
© PhotoКандағы байқаудың қазылар алқасын таңғалдырған музыканы Давид "Victoria" фильміне жазған
Кандағы байқаудың қазылар алқасын таңғалдырған музыканы Давид Victoria фильміне жазған - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Кандағы байқаудың қазылар алқасын таңғалдырған музыканы Давид "Victoria" фильміне жазған
Тапсырма бойынша фильмде көк түсті кейіпкер, қағаз, жүрек болуы керек және "Әлем - бұл..." деген сөзді шығармашылықпен жалғастыру керек.
"Жұмыс бірден басталды. Орын да, актерлер де табыла кеткен. Қуыршақ театрының актері Александр Пархоменко мен жаңадан келген кішкентай актриса Есения Рура рөлдерге өте жақсы сәйкес келді, сондай-ақ ауыр түсірілімдерден абыроймен өтті", - деп түсіндірді Александр Шингуров.
© PhotoТөрт минуттық фильм "48 hour Film Race" Орта Азия байқауы үшін арнайы түсірілген
Төрт минуттық фильм 48 hour Film Race Орта Азия байқауы үшін арнайы түсірілген - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Төрт минуттық фильм "48 hour Film Race" Орта Азия байқауы үшін арнайы түсірілген
Айтпақшы, фильм жазда түсірілген, ал түсірілім күндері ауа райы адам төзгісіз ыстық болған. Қысқа метражды фильмде әлемнің ерекше өзекті тақырыбы қозғалған.
"Мен, Евгений Лукьянов және Антон Щелкунов суреттің сюжетімен айналыстық. Бірақ ақырында идея Дэвид Литвиновтың музыкасы арқылы жасалды. Фильмге өте жақсы сәйкес келетін саундтректі Давид бір тәуліктен аз уақыт ішінде жазды. Оның үстіне ол түсірілім алаңына қатысқан жоқ, бірақ бұл оған картинаның идеясын соншалықты терең және шынайы ашуға еш кедергі болмады, мен тіпті олай боларын өзім де елестете алмадым", - деді режиссер.
Нәтижесінде "Виктория" фильмі "48 сағаттық фильм жарысы" байқауының "Үздік драма" номинациясында жеңіске жетті. Осыдан кейін авторлар жұмысты тағы бірнеше еуропалық конкурстарға жіберуге шешім қабылдаған.
"Француздық Cannes shorts байқауында Давид жазған фильм музыкасы "Үздік композитор" номинациясы бойынша үздік бестікке енді. Осындай үлкен бәсекелестікпен номинацияны алу – үлкен абырой. Бізбен бірге еңбек еткен барлық әріптесімізге мың алғыс!", - деп бөлісті Шингуров.
Давид Литвиновтың өзі жеңіске қатты таңғалғанын мойындады.
"Саша Канда қысқа метр фестивалі бар екенін және фильмді сол жерге жіберу керек екенін айтты. Біз бұл туралы сөйлескенімізбен ұмытып кеттік, мен шынымды айтсам, сыйақы туралы көп ойламадым да. Жұбайым әлеуметтік желілерде мені номинациямен құттықтап жатқанын айтқанға дейін сенбедім. Бұл мен үшін таңғаларлық жаңалық болды!", - деп күлді Давид Литвинов.
Режиссер мен композитордың шығармашылық достығы университетте оқығаннан бері ұзақ уақыт бойы жалғасып келеді. Олар "Сознание", "Паутина", "Риэлтор" фильмдерінде бірге еңбек еткен. Музыкант пен режиссер бұдан былай да көптеген қызықты жобаны өмірге әкелетініне сенімді.
Жаңалықтар
0