https://sputnik.kz/20230117/qazaqstanda-aptanyn-qay-kuni-zhol-apaty-zhii-bolady-31148952.html
Қазақстанда аптаның қай күні жол апаты жиі болады
Қазақстанда аптаның қай күні жол апаты жиі болады
Sputnik Қазақстан
Жол апаты дүйсенбі күні жиі болады. Сондай-ақ сенбі мен сейсенбі күндері көбейеді 17.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-17T07:00+0500
2023-01-17T07:00+0500
2023-08-10T11:59+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e7/01/09/30972086_0:57:1079:664_1920x0_80_0_0_3c357663fc3eb9314e43c80d614a078b.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жол апаты жиі болатын күн анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ranking.kz порталына сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, былтыр 11 айдың ішінде республика бойынша 13,4 мың жол апаты тіркелген. Ол бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,2 процентке артық.Жол апатының көбісіне көлік иелері кінәлі болған. 13 проценті, яғни, 1,7 мың оқиға адам өлімімен аяқталды.Қазақстанда жол апаты дүйсенбі күні жиі болады. Сондай-ақ сенбі мен сейсенбі күндері көбейеді. Ал бейсенбі күні ондай оқиғалар аз болды.Жол апатының 68 проценті күндіз, 19 проценті кешкі уақытта, ал 12 проценті түнде болған. Олар:Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жол апаты көп болған. Ал Түркістан облысындағы жол апатының басым бөлігі адам өлімімен аяқталған. Одан кейін Қарағанды облысы (33,9 процент), Ұлытау облысы (33,3 процент), Абай облысы (29,8 процент) мен Қызылорда облысы (23,4 процент) келеді.Жалпы, 2022 жылы қаңтар-қараша айларында 19,5 мың адам жол апатынан зардап шекті. Соның ішінде 2,2 мың адам көз жұмды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/09/30972086_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_0913b77f626d9e26878906d5ee5bef59.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Қазақстанда аптаның қай күні жол апаты жиі болады
07:00 17.01.2023 (жаңартылды: 11:59 10.08.2023) Жол апаты дүйсенбі күні жиі болады. Сондай-ақ сенбі мен сейсенбі күндері көбейеді
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жол апаты жиі болатын күн анықталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Ranking.kz порталына
сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр 11 айдың ішінде республика бойынша 13,4 мың жол апаты тіркелген. Ол бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,2 процентке артық.
Жол апатының көбісіне көлік иелері кінәлі болған. 13 проценті, яғни, 1,7 мың оқиға адам өлімімен аяқталды.
Қазақстанда жол апаты дүйсенбі күні жиі болады. Сондай-ақ сенбі мен сейсенбі күндері көбейеді. Ал бейсенбі күні ондай оқиғалар аз болды.
Жол апатының 68 проценті күндіз, 19 проценті кешкі уақытта, ал 12 проценті түнде болған. Олар:
жаяу жүргіншіні қағу – 5 мың оқиға;
көліктердің соқтығысуы – 3,2 мың оқиға;
көліктің аударылуы – 1,2 мың оқиға;
тосқауылға соғылу – 514 оқиға;
жолаушылардың құлауы – 339 оқиға.
Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жол апаты көп болған. Ал Түркістан облысындағы жол апатының басым бөлігі адам өлімімен аяқталған. Одан кейін Қарағанды облысы (33,9 процент), Ұлытау облысы (33,3 процент), Абай облысы (29,8 процент) мен Қызылорда облысы (23,4 процент) келеді.
Жалпы, 2022 жылы қаңтар-қараша айларында 19,5 мың адам жол апатынан зардап шекті. Соның ішінде 2,2 мың адам көз жұмды.