Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті

© Photo : Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіДанил Васильев
Данил Васильев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Тұғырдан секіру бәсекесінде Данил Васильев Лейк-Плэсид қаласындағы Универсиаданың чемпионы атанды, деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстандық спортшы кіші трамплинде (К-90) 257.3 ұпай жинады. Алғашқы мүмкіндігінде 127.2 балл, ал финалда 130.1 ұпайға ие болды.
Қалған қос медаль аустриялық атлеттің еншісінде. Күміс – Максимилиан Линер, қола – Тимон Паскаль Кахофер.
Тағы бір қазақстандық Сергей Ткаченко 7-ші, Никита Девяткин 9-шы, Святослав Назаренко 21-ші, Мағжан Амангелдіұлы 22-сатыдан көрінді.
Сондай-ақ кеше мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол қысқа бағдарламада 6-шы, ал еркін бағдарламада 3-ші нәтиже көрсетіп, жалпы 231,08 ұпай жинады. Қола медаль үшін таласта Михаил қарсыласынан 0,25 ұпай аз алды. Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жарысқа 19 елдің 31 спортшысы қатысты.
Еске сала кетейік, бұған дейін биатлоншы Вадим Куралес алтын медаль жеңіп алған болатын. Қазір Қазақстан делегациясы жалпы есепте 6-орынға көтерілді. Универсиада 22 қаңтарға дейін жалғасады.
Жаңалықтар
0