https://sputnik.kz/20230117/qantar-qazaqstan-khalqyna-qory-balalar-grant-31198189.html
Қаңтар оқиғасы: "Қазақстан халқына" қоры зардап шеккен балаларға грант береді
Қаңтар оқиғасы: "Қазақстан халқына" қоры зардап шеккен балаларға грант береді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балаларына және жараланған балаларға білім гранттарын... 17.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-17T16:51+0500
2023-01-17T16:51+0500
2023-08-09T09:49+0500
білім
қаңтар
балалар
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094763_0:321:3071:2048_1920x0_80_0_0_1d840f7c3e8743c2af2bae8b8447c593.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балаларына және жараланған балаларға білім гранттарын береді.Қордың Қамқоршылық кеңесі білім гранттары бойынша бағдарламаның шарттарын кеңейту және оған өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.Бұл ретте "Қазақстан халқына" қоры қасіретті қаңтар кезінде 238 адам қаза тауып, 13 бала жараланғанын еске салды.Білім гранттары қалай беріледіБағдарламаға республиканың 29 жасқа дейінгі азаматтары қатыса алады.2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жасқа толмаған балалар үшін Эндаумент қор (балалардың болашақта білім алуына) құрылады. "Қазақстан халқына" қорының цифрлық порталында осы Эндаумент қорда арнайы шоттар ашу үшін өтінім қабылданады.Құжаттар тізімін қордың сайтынан көруге болады.Эндаумент қорда әр баланың (қаза тапқан азаматтардың балалары мен жараланған балалар) арнайы шотында 4 млн теңгеге дейін ақша жинақталады.Ал 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жасқа толған балалар қолданыстағы қайырымдылық бағдарламасы аясында Қордың білім грантына құқылы.Бұл ретте өтінім қабылдау жаңа 2023-2024 оқу жылынан басталады. Грант беру мерзімі мен тәртібі Қордың сайтында биыл 1 маусымнан кешіктірілмей жарияланады.Айта кетері, "Қазақстан халқына" қорының білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы ауыл мектептерінің түлектерін және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерді қолдауға, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының осы санаты үшін жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.Ағымдағы оқу жылында бағдарлама аясында 2 267 студент білім грантына ие болды, олар еліміздің 85 жоғары оқу орнында білім алып жатыр.Сондай-ақ, қайырымдылық бағдарламасы аясында барлық студент үшін ай сайынғы стипендия қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094763_85:0:2816:2048_1920x0_80_0_0_ccebf58b83e605d61fd8aa9d7938b0a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар, балалар, білім гранттары
қаңтар, балалар, білім гранттары
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балаларына және жараланған балаларға білім гранттарын береді.
Қордың Қамқоршылық кеңесі білім гранттары бойынша бағдарламаның шарттарын кеңейту және оған өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.
"Бағдарламаға қатысатын басқа санаттардан айырмашылығы – қаза тапқан азаматтардың балаларына және жараланған балаларға тек жоғары білім (бакалавриат) бағдарламалары бойынша ғана емес, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша, яғни еліміздің колледждерінде оқу үшін де гранттар беріледі", - деп мәлімдеді қордағылар.
Бұл ретте "Қазақстан халқына" қоры қасіретті қаңтар кезінде 238 адам қаза тауып, 13 бала жараланғанын еске салды.
Білім гранттары қалай беріледі
Бағдарламаға республиканың 29 жасқа дейінгі азаматтары қатыса алады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жасқа толмаған балалар үшін Эндаумент қор (балалардың болашақта білім алуына) құрылады. "Қазақстан халқына" қорының цифрлық порталында осы Эндаумент қорда арнайы шоттар ашу үшін өтінім қабылданады.
Құжаттар тізімін қордың
сайтынан көруге болады.
Эндаумент қорда әр баланың (қаза тапқан азаматтардың балалары мен жараланған балалар) арнайы шотында 4 млн теңгеге дейін ақша жинақталады.
Ал 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жасқа толған балалар қолданыстағы қайырымдылық бағдарламасы аясында Қордың білім грантына құқылы.
Бұл ретте өтінім қабылдау жаңа 2023-2024 оқу жылынан басталады. Грант беру мерзімі мен тәртібі Қордың сайтында биыл 1 маусымнан кешіктірілмей жарияланады.
Айта кетері, "Қазақстан халқына" қорының білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы ауыл мектептерінің түлектерін және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерді қолдауға, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының осы санаты үшін жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Ағымдағы оқу жылында бағдарлама аясында 2 267 студент білім грантына ие болды, олар еліміздің 85 жоғары оқу орнында білім алып жатыр.
Сондай-ақ, қайырымдылық бағдарламасы аясында барлық студент үшін ай сайынғы стипендия қарастырылған.