Петропавл ауыр машина жасау зауыты саудаға шығарылды

© Photo : Электронная торговая площадкаПетропавл ауыр машина жасау зауыты
Петропавл ауыр машина жасау зауыты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Жазылу
Қазақстанның ірі кәсіпорындарының бірі – Петропавл ауыр машина жасау зауыты саудаға шығарылды, бастапқы бағасы 6,3 миллиард теңге болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі
ПЕТРОПАВЛ, 17 қаңтар – Sputnik. Сауда-саттық туралы хабарландыру электронды сауда алаңында жарияланды. Бастапқы бағасы – 6 миллиард 332 миллион 742 мың 260 теңге. Кепілдік жарна 91 миллион 890 мың теңгені құрайды.
© Photo : Электронная торговая площадкаПетропавл ауыр машина жасау зауыты
Петропавл ауыр машина жасау зауыты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Петропавл ауыр машина жасау зауыты
Сауда-саттық туралы деректерде сатушы "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы екені көрсетілген. Сауда-саттық бүгін өтеді.
Болашақ сатып алушыға бірқатар шарт қойылған:
"ПЗТМ "АҚ-да Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын қызметкерлердің барлық штат санын сақтау;
жаңа жұмыс орындарын сақтау немесе құру;
мәміле жасауға шектеу (қайта сату, кепіл, басқаруға беру және басқалар);
сатып алушыға меншік құқығы ауысқаннан кейін 12 күнтізбелік ай ішінде активке қатысты белгілі бір әрекеттерге тыйым салу.
Бұдан бөлек, сатып алушы "ПЗТМ" АҚ-ның ұлттық компания алдындағы қарызын, қарызы бойынша негізгі сыйақыны, айыппұлды (өсімпұл, тұрақсыздық айыбы), дивидендтерді және өзге де берешекті төлеу жөніндегі кредиторлық берешегін активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап 36 күнтізбелік ай ішінде өтеуге тиіс.
2022 жылғы 12 желтоқсандағы мәлімет бойынша кәсіпорынның кредиторлық берешегі шамамен 12 миллиард теңгеге жеткен.
© Photo : Электронная торговая площадкаПетропавл ауыр машина жасау зауыты
Петропавл ауыр машина жасау зауыты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Петропавл ауыр машина жасау зауыты
Айта кетері, Петропавл ауыр машина жасау зауыты – Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың бірі.
Петропавлда машина жасау зауытын салу туралы шешімді КСРО министрлер кеңесі 1948 жылы қарашада қабылдады. Жобалау және құрылыс 12 жыл бойы жүргізілді.
Зауыттың алғашқы өнімі астық тиегіштер болды. Іске қосылғаннан кейін бір жыл өткен соң, компания КСРО әскери-өнеркәсіптік кешенінің құрамында жұмыс істей бастады. Зауыттың негізгі өнімі әскерлерге арналған күрделі қару-жарақ жүйелері болды. Әрі қарай зауыт тек әскери техника шығарды, бұл зауыт өнімінің шамамен 90% құрады.
© Photo : Электронная торговая площадкаПетропавл ауыр машина жасау зауыты
Петропавл ауыр машина жасау зауыты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Петропавл ауыр машина жасау зауыты
Сонымен қатар мұнда зерттеу және метеорологиялық мақсаттар үшін зымырандар жасалды.
КСРО Жоғарғы кеңесі президиумының жарлығымен Петропавл ауыр машина жасау зауыты 1977 жылы жаңа әскери техниканы құру, сынау және өндірудегі еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен салтанатты түрде марапатталды.
© Photo : Электронная торговая площадкаПетропавл ауыр машина жасау зауыты
Петропавл ауыр машина жасау зауыты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Петропавл ауыр машина жасау зауыты
КСРО ыдырағаннан кейін зауытта өндіріс конверсиясы болды. Негізгі бағыт – мұнай-газ кешеніне арналған жабдықтар өндірісі.
2013 жылдан 2015 жылға дейін ПЗТМ өндірісті техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Бірақ бұл зауыттың мәселесін шешпеді. Кезінде аңызға айналған зауыттың несиелер мен жалақы бойынша үлкен қарызы бар проблемалық зауытқа айналған.
Облыстың бұрынғы әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, әлсіз менеджменттің салдарынан зауыт сәтсіздікке ұшырай берген.
"Бұл көптеген өнімд шығара алатын зауыт. Өкінішке қарай, олар сәтсіздікке ұшырап, үнемі қарызға батумен келеді. Бұл зауыт ешқандай сынға төтеп бере алмайтыны бірнеше рет айтылған. Зауыт ақша табуы керек. Азаматтық өнімге көшу керек. Біз оған көптеген инвестор әкелдік, бірақ одан пайда болмады", - деп түсіндірді Ақсақалов.
Жаңалықтар
0