Непалдағы ұшақ апатынан Қазақстанда тұрған әйел қаза тапты

© AP Photo / Yunish GurungНепалда ұшақ апатқа ұшырады
Непалда ұшақ апатқа ұшырады - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Непалдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың арасында Қазақстанда тұрған Ресей азаматы болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.
15 қаңтарда Yeti Airlines әуе компаниясының ATR 72 жолаушылар ұшағы Катманду қаласынан Покхаруға ұшып шыққан. Ал қонайын деп жатқанда апатқа ұшыраған. Бортта болған барлық жолаушы мен экипаж мүшесі қаза тапты. Жолаушылардың арасында Непал, Үндістан, Ұлыбритания, Франция мен Аргентина азаматтары болды. Ресейдің төрт азаматы қайтыс болды. Біреуі соңғы уақытта Қазақстанда тұрған.
"Комсомольская правда" газетінің мәліметіне сәйкес, 33 жастағы Елена Бондуро Мәскеу қаласында тұрған. Бірнеше ай бұрын Қазақстанға көшіп келген. Елена трэвел-блогер болды. Қызметі – SMM-маман. Қашықтан жұмыс істеген. Сондай-ақ қызмет бабымен шетелге жиі шығып жүрген.
Сол күні Елена Непалда жүрген күйеуі Максимге бара жатқан. Трагедияға дейін туыстарына аяғы ауыр екенін, қыз туатынын айтыпты.
Жаңалықтар
0