Медициналық сақтандыру: өзін-өзі жұмыспен қамтитындар мен жеке кәсіпкерлер жарнасы өседі
18:26 17.01.2023 (жаңартылды: 10:10 09.08.2023)
© Sputnik / Ксения ВоронинаМедицина мекемесі
© Sputnik / Ксения Воронина
Жазылу
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биылдан бастап жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер үшін жарнаның көлемі өсетінін хабарлады.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлейтін жарналар мен аударымдар көлемі МӘМС туралы заңда бекітілген және ағымдағы жылы өзгеріссіз қалды. Бірақ ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш базалық әлеуметтік төлемдерінің мөлшері өсуіне байланысты дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейтін жарна көлемі артты", - дейді қор мамандары.
2023 жылда төленетін жарналар:
жұмыс берушілер қызметкерлері үшін – жалақының 3% мөлшерінде. Алайда салық салынатын табыс 10 АЕК (700 000 теңге) аспауы керек, яғни жұмыс берушінің ақша аударымының ең жоғары сомасы 21 000 теңгені құрайды;
жалдамалы жұмысшылар және азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтіндер үшін - табыстың 2% көлемінде, ең жоғары сомасы 14 000 теңгеден аспайды;
жеке кәсіпкерлер – ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5% мөлшерінде немесе 4 900 теңге;
өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар - республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін бірыңғай жинақ төлемінің көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге.
Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге;
дербес төлеушілер – 1 ЕТЖ 5% немесе 3 500 теңге;
арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері - жұмыс берушілер үшін 15%, ал қызметкерлер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10% құрайды, бірақ ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
Бұдан бөлек, мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасауды жалғастырады.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеңілдік санатындағы әр адамға жарна мөлшері 4 505,6 теңгені құрайды.