Оқиға

Алматыда оқушы дене шынықтыру сабағында ауыр жарақат алды - полиция түсініктемесі

© Photo : Әлеуметтік желіден алындыСабақта жарақат алған оқушы
Сабақта жарақат алған оқушы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 қаңтар - Sputnik. Алматы қаласындағы 48-ші мектеп-лицейінің оқушысы дене шынықтыру сабағында ауыр дене жарақатын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Дене шынықтыру сабағында оқушы ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.
Диагноз: жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, бет сүйегінің жабық сынуы, жоғарғы жақ сүйек қойнауының ығысып, жабық сынуы. 1- ші дәрежелі сол жақ көз алмасының контузиясы, сол жақ параорбитальды аймақтың жұмсақ тіндерінің көгеруі.
Оқиға 14 желтоқсанда болған. Мұғалімнің бақылауынсыз қалған оқушылар жүгіріп ойнаған. Салдарынан екі бала бір-біріне қатты соғылып, бірі жарақат алған. Оқушы жедел жәрдем орталығына жатқызылған. Оның бетіне күрделі ота жасалып, көз түбіне титан торы орнатылған. Сондай-ақ сүйек сынықтары алынып, бет сүйегіне титан тақтасы орнатылған.
"Балам 9 жаста. Қазір бетіне күрделі ота жасалды. Ол өскен сайын бетіне имплант қойылады. Бұл проблемаға мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер мүлдем селқос қарап отыр. Жауап та бергісі келмейді ", - дейді зардап шеккен баланың анасы.
Ата-ананың айтуынша, сабақ үстінде мұғалім балаларды қараусыз қалдырып, өзі ұялы телефонда отырған. Жарақат алған оқушыға дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген, жедел жәрдем шақырылмаған.
"Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды. Баланың алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру шаралары кешенінің нәтижелері бойынша іске қатысты шешім қабылданады", - деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0