https://sputnik.kz/20230116/toqaev-kolumbiyalyq-mektep-syylyq-31156925.html
Тоқаев колумбиялық мектепке тұрақты даму саласындағы жетістігі үшін сыйлық табыстады
Тоқаев колумбиялық мектепке тұрақты даму саласындағы жетістігі үшін сыйлық табыстады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммиті аясында Global High Schools номинациясы бойынша... 16.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-16T14:49+0500
2023-01-16T14:49+0500
2023-01-16T14:49+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
баә
https://sputnik.kz/img/07e7/01/10/31155941_0:60:1280:780_1920x0_80_0_0_ca2b2dc9fd70dc8b2bb61b188a4bafe0.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммиті аясында Global High Schools номинациясы бойынша (Америка аймағы) Zayed Sustainability Prize сыйлығын колумбиялық Fundacion Bios Terrae - ICAM Ubate мектебіне табыс етті, деп хабарлайды Ақорда.Zayed Sustainability Prize – тұрақты даму саласындағы орасан зор жетістігі үшін берілетін Біріккен Араб Әмірліктерінің жаһандық сыйлығы. Бұл марапат БАӘ Тұңғыш президенті марқұм шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның гуманитарлық мұрасына құрмет белгісі ретінде 2008 жылы өткен "Болашақтың энергиясы" әлемдік саммитінде тағайындалды.Аталған сыйлық денсаулық сақтау, азық-түлік, энергетика, суды үнемді пайдалану секілді санаттар бойынша тұрақты даму саласындағы тиімді және инновациялық шешімдері үшін коммерциялық емес ұйымдарға, шағын және орта кәсіпорындарға және орта мектептерге беріледі.2009 жылдан бері әлем бойынша 96 адам осы сыйлықтың иегері атанды. Zayed Sustainability Prize сыйлығының жүлдесі – 3 миллион АҚШ доллары. Биыл сыйлыққа 152 елден 4 538 өтінім түсіп, оның үздік 30 жобасы финалға өткен.Айта кетері, мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитінің ашылу рәсіміне қатысты. Саммиттің мақсаты – жаһандық қоғамдастықты біріктіретін және түрлі мәселелерде, жаңашыл серіктестік қатынастар мен инновациялық шешімдерде келісімге қол жеткізу үшін конструктивті диалогқа жол ашатын орнықты даму саласының күн тәртібін қалыптастыру және Климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі БҰҰ 28-конференциясына (COP28) тың серпін беру. Сонымен қатар жиынға Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Ангола президенті Жуан Лоренсу, Мысыр сыртқы істер министрі, Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ "COP27" конференциясы сессиясының 27-президенті Самих Шукри, сондай-ақ саясаткерлер, жаңартылатын энергия, технологиялық даму және инновация салаларының жетекшілері, инвесторлар мен кәсіпкерлер қатысты.
баә
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/10/31155941_81:0:1200:839_1920x0_80_0_0_375b77be7121e861d0ac2140523338ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, баә
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммиті аясында Global High Schools номинациясы бойынша (Америка аймағы) Zayed Sustainability Prize сыйлығын колумбиялық Fundacion Bios Terrae - ICAM Ubate мектебіне табыс етті, деп хабарлайды Ақорда.
Zayed Sustainability Prize – тұрақты даму саласындағы орасан зор жетістігі үшін берілетін Біріккен Араб Әмірліктерінің жаһандық сыйлығы. Бұл марапат БАӘ Тұңғыш президенті марқұм шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның гуманитарлық мұрасына құрмет белгісі ретінде 2008 жылы өткен "Болашақтың энергиясы" әлемдік саммитінде тағайындалды.
Аталған сыйлық денсаулық сақтау, азық-түлік, энергетика, суды үнемді пайдалану секілді санаттар бойынша тұрақты даму саласындағы тиімді және инновациялық шешімдері үшін коммерциялық емес ұйымдарға, шағын және орта кәсіпорындарға және орта мектептерге беріледі.
2009 жылдан бері әлем бойынша 96 адам осы сыйлықтың иегері атанды. Zayed Sustainability Prize сыйлығының жүлдесі – 3 миллион АҚШ доллары. Биыл сыйлыққа 152 елден 4 538 өтінім түсіп, оның үздік 30 жобасы финалға өткен.
Айта кетері, мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитінің ашылу рәсіміне қатысты.
Саммиттің мақсаты – жаһандық қоғамдастықты біріктіретін және түрлі мәселелерде, жаңашыл серіктестік қатынастар мен инновациялық шешімдерде келісімге қол жеткізу үшін конструктивті диалогқа жол ашатын орнықты даму саласының күн тәртібін қалыптастыру және Климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі БҰҰ 28-конференциясына (COP28) тың серпін беру.
Сонымен қатар жиынға Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Ангола президенті Жуан Лоренсу, Мысыр сыртқы істер министрі, Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ "COP27" конференциясы сессиясының 27-президенті Самих Шукри, сондай-ақ саясаткерлер, жаңартылатын энергия, технологиялық даму және инновация салаларының жетекшілері, инвесторлар мен кәсіпкерлер қатысты.