https://sputnik.kz/20230116/kommertsiyalyq-poyyzdar-qymbat-zhane-tiimsiz-31166343.html
Коммерциялық пойыздар қымбат әрі тиімсіз - премьер-министр
Коммерциялық пойыздар қымбат әрі тиімсіз - премьер-министр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 қаңтар - Sputnik. Қазақстанда жол ақысы қымбат "Тальго" коммерциялық пойыздары тиімсіз, деп мәлімдеді премьер-министр Әлихан Смайылов. 16.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-16T20:53+0500
2023-01-16T20:53+0500
2023-01-16T20:53+0500
экономика
пойыз
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/727/12/7271205_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_0c8ab9a1a7cd1df7827261e604a48789.jpg
АЛМАТЫ, 16 қаңтар - Sputnik. Қазақстанда жол ақысы қымбат "Тальго" коммерциялық пойыздары тиімсіз, деп мәлімдеді премьер-министр Әлихан Смайылов. Бұған дейін де сенат депутаттары премьер-министрге теміржол тасымалының осал тұстарын айтып, жүгінген болатын. Республика аумағында 101 бағдар бойынша пойыздар жүреді, оның ішінде 5 бағыт бойынша - "Тальго" вагондарынан құрылған коммерциялық пойыздар. Коммерциялық пойыздарды мемлекет субсидияламайды. Былтыр 1 шілдеден бастап әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жүретін барлық жолаушылар пойызы үшін тариф 7%-ке көтерілді. Премьер туристік маусым кезінде теміржол билеттерінің тапшылығы бар екенін жоққа шығармады. Смайыловтың мәліметінше, алдағы үш жылда 187 тепловоз сатып алу жоспарланып отыр, оның 70-і биыл алынады. 2023 жылдан 2029 жылға дейін Alstom технологиясы бойынша электровоздар паркі 245 бірлікке жаңартылады. "2029 жылға дейін "Stadler" технологиясы бойынша өндірілген 537 жолаушылар вагоны жеткізіледі. 2023-2024 жылдары ресейлік 307 жолаушылар вагоны сатып алынады", - деді Смайылов. Сондай-ақ биыл 1 500 жартылай вагон мен 601 бірлік фитинг платформасын (ірі тоннажды контейнерлерді тасымалдауға арналған мамандандырылған платформа) сатып алу жоспарланып жатыр. 1 қаңтардан бастап ҚТЖ анықтамалық қызметіне қоңырау шалу тегін болды. Премьер-министр ҚТЖ анықтамалық қызметінің мәселесін де көтерді. Оның айтуынша, қызметті жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылдан бастап қалалық және мобильді нөмірлерден "1433" анықтамалық нөміріне қоңырау шалу тегін болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/727/12/7271205_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_82db5f73b50ecc357159ad16133ab9d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, әлихан смайылов
АЛМАТЫ, 16 қаңтар - Sputnik. Қазақстанда жол ақысы қымбат "Тальго" коммерциялық пойыздары тиімсіз, деп мәлімдеді премьер-министр Әлихан Смайылов.
Бұған дейін де сенат депутаттары премьер-министрге теміржол тасымалының осал тұстарын айтып, жүгінген болатын.
Республика аумағында 101 бағдар бойынша пойыздар жүреді, оның ішінде 5 бағыт бойынша - "Тальго" вагондарынан құрылған коммерциялық пойыздар.
Коммерциялық пойыздарды мемлекет субсидияламайды. Былтыр 1 шілдеден бастап әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жүретін барлық жолаушылар пойызы үшін тариф 7%-ке көтерілді. Премьер туристік маусым кезінде теміржол билеттерінің тапшылығы бар екенін жоққа шығармады.
"Теміржолда 2019 жылдың шілдесінен бастап "Күту парағы" қызметі іске қосылды. Мұнда пойыздың жөнелтілуіне 5-7 күн қалғанда қайтарылған билеттер мен пайдаланылмаған бронь орындар келіп түседі", - деді премьер.
Смайыловтың мәліметінше, алдағы үш жылда 187 тепловоз сатып алу жоспарланып отыр, оның 70-і биыл алынады. 2023 жылдан 2029 жылға дейін Alstom технологиясы бойынша электровоздар паркі 245 бірлікке жаңартылады.
"2029 жылға дейін "Stadler" технологиясы бойынша өндірілген 537 жолаушылар вагоны жеткізіледі. 2023-2024 жылдары ресейлік 307 жолаушылар вагоны сатып алынады", - деді Смайылов.
Сондай-ақ биыл 1 500 жартылай вагон мен 601 бірлік фитинг платформасын (ірі тоннажды контейнерлерді тасымалдауға арналған мамандандырылған платформа) сатып алу жоспарланып жатыр. 1 қаңтардан бастап ҚТЖ анықтамалық қызметіне қоңырау шалу тегін болды. Премьер-министр ҚТЖ анықтамалық қызметінің мәселесін де көтерді.
Оның айтуынша, қызметті жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылдан бастап қалалық және мобильді нөмірлерден "1433" анықтамалық нөміріне қоңырау шалу тегін болады.