Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Донбаста әскери іс-қимыл белсенділігі артты

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуРабота расчетов артиллерийских установок "Акация" на Запорожском направлении
Работа расчетов артиллерийских установок Акация на Запорожском направлении - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2023
Жазылу
Ресейдің арнайы әскери операциясы кезең-кезеңімен діттеген мақсатқа жақындап жатыр. Донбаста Артемовскті бұғаттау және Соледарды азат ету бойынша іс-қимыл белсенді жүріп жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресей президенті Владимир Путин 15 қаңтарда арнайы әскери операция барысы туралы оң пікір білдірді: "Оң қарқында жүріп жатыр. Барлығы қорғаныс министрлігі мен Бас штаб жоспары аясында өрбуде. Біздің жауынгерлер әскери іс-қимылдардың бұдан да жоғары нәтижесімен әлі талай қуантады деп үміттенемін".
Мұндай бағалауға ресейлік әскердің әртекті топтары 12 қаңтарда Соледарды Украина Қарулы күштерінен азат етуді аяқтады. Бұл Донецк бағытында шабуылдауды арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. РФ қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Соледарды толық бақылауға алу көршілес Артемовск/Бахмуттағы украин әскерін жабдықтау жолын кеседі және сол жақта қалған Украина Қарулы күштерінің әскери бөлімшелерін қоршауға алуға мүмкіндік туғызады.
Украинадағы кейбір дереккөздер Вашингтон Киевтен ресурс пен резервті қорғанысқа шығындамай, басқа учаскеде қарсы шабуылға дайындалу үшін Артемовск/Бахмуттан әскері шығаруды талап етіп отырғанын хабарлады. Пентагон Украина Қарулы күштері резервтер мен снарядтарды тиімсіз шығындап отыр және бұл қаланың стратегиялық маңызы жоқ деп санайды.
Ресей Қарулы күштері арнайы әскери операция аймағының барлық бағытында белсенді. Соледар-Артемовск секторындағы шабуыл операциялары ресейлік әскердің біртұтас жоспары бойынша әртүрлі бөлімшелермен жүзеге асырылып жатыр. "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясы шабуылдау жасақтарының еріктілері Соледардың орамдарын үлкен ерлікпен азат еткенін де айта кету керек.
"Бүгінгі күні Артемовск/Бахмутқа басымдық беріліп отыр. Мұнда ресейлік шабуылдау топтары бірден бірнеше бағытта, яғни, солтүстіктен, шығыстан және оңтүстіктен алға жылжып жатыр. Олар Артемовск қаласынан оңтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан Клещеевка ауылы үшін соғысып жатыр", - деп жазды Хроленко.
НАТО стандартындағы шетелдік өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылардан айырылып қалмас үшін украин қолбасшылығы аман қалған артиллерияны батысқа қарай, Украина Қарулы күштерінің келесі қорғаныс шебі – Константиновка – Краматорск – Славянск бағытына алып кетті. Жалпы, Украина Қарулы к.үштерінің бөлімшелері артиллерия мен снаряд тапшылығын көріп отырғаны байқалады.
Ресей артиллериясы Авдеевкадағы украин әскерінің бекініс аймағында әдістемелік сипатта іс-қимыл жүргізіп жатса, шабуылдау бөлімшелері солтүстіктен екпінде келе жатыр. Сонымен қатар, Херсон және Запорожье бағытында сенімді ресейлік Т-90М "Прорыв" танктері пайда болды.
Трамптың бұрынғы кеңесшісі, АҚШ армиясының полковнигі Дуглас Макгрегор Бахмут маңындағы шайқастарда Украина Қарулы күштері ресейлік әскерлерге қарағанда он есе көп жауынгерінен айырылатынын айтты. Макгрегор Украина Қарулы күштерінің құрамында бар болғаны 194 мыңдай сарбаз бар деп санайды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0