Давос форумында Ресейді тежеу мәселесі талқыланды

© Photo : Пресс-служба президента Украины / Медиабанкке өтуЛоготип ежегодного Всемирного экономического форума в Давосе.
Логотип ежегодного Всемирного экономического форума в Давосе. - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2023
Жазылу
Давос форумының жұмысы басталар шақта Ресейге қатысты санкциялардың оныншы пакеті туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат Еуроодақ пен оның атқарушы органы Еурокомиссияның басшылығына сілтеме жасап таратылды, деп жазды РИА Новости.
Әдетте "тайминг" деп аталатын мұндай жағдайлар кездейсоқ емес. Бүгінде Еуропа елдері мен оның тұрғындарына әсер етіп жатқан тікелей экономикалық қысымдардың мүмкіндіктері таусылып жатқандықтан, енді санкцияларды әзірлеуші тараптар корпорацияларды нысанаға алуы керек болады. Себебі қазір пандемия мен экономикалық дағдарысқа қарамастан бұл корпорациялар белсенді гүлденіп жатыр.
Ресей арнайы әскери операцияны жүргізіп жатқан бір жылға жуық уақыт ішінде еуропалықтар саясаткерлердің шешімдері үшін жауап беріп, жоғары инфляция, электр энергиясының тапшылығы және кедейлік шегіне жақын тіршілік етіп жатыр.
"Есесіне, DOW, Nasdaq, S&P және NYSE сынды басқа да америкалық биржалардағы баға көрсеткіші екі еселеп артты. Жаһанданушылар бастаған Еуропа аумағындағы геосаяси дағдарыс жалпыеуропалық халықты кедейлікке жақындатты және акционерлерге төленетін диввидендтерді арттырды", - деп жазылған материалда.
Лондон биржасындағы инвесторлардың да жағдайы жаман емес. Банктер, сақтандыру корпорациялары, инвестициялық қорлар дағдарыс әсерін көріп жатқан жоқ. Бұл жақта да акционерлерге арналған ауқымды бонустар мен дивидендтер бар.
Давоста геосаяси дағдарысқа бастамашы болған тараптар жиналды. Олар Ресейді тежеу бойынша жоспарларының жүзеге аспағанын мойындауға мәжбүр.
Материалда жазылғандай, Давос жаһандануды қолдайтындарды дамыту жоспары талқыланатын бас штаб. Жүздеген миллиард доллар инвестицияны тарату әлеумет қолдауын қажет етеді. Грета Тунбергке де кезінде сөз сөйлеу үшін алаңдар ұсынылды. Ал табиғатты қорғайтын технологияларға көшу нарығын бөліп алғаннан, банктермен арада жасыл облигацияларды шығару мәселесі шешілгеннен кейін Тунберг назардан тыс қалды.
Пандемия кезінде форум кейінге біресе қалдырылды, біресе онлайн режимде өткізілді. Екі америкалық корпорация құрған РНК-вакцина коронавирусты жоюға қауқарлы болмаса да, қомақты қаражатқа ие болды. Бір ғана Еуроодақ ондаған миллиард еуроға профилактикалық препарат сатып алды.
Биылғы форумда көбіне Халықаралық валюта қоры директорлары, Еуроорталықбанк президенттері, ірі корпорациялар басшылары баяндама жасайды. Дегенмен, бұл тұлғалар экологияға алаңдап отыр деген факті күмән тудырады.
Форум барысында Ресей тақырыбы қызу талқыланатыны белгілі. Егер Еуропаға кедейлік қаупі төнсе, енді санкциялардың кезекті, яғни оныншы пакеті арқылы Ресейді тоқырату, ыдырату және оқшаулау көзделіп отыр. Бірнші нұсқаның орындалу ықтималдылығы жоғары болғанымен, екінші фактінің жүзеге асуы екіұдай.
Жаңалықтар
0