Өңірлер

Ауыл тұрғыны үйдің бесінші қабатына атпен көтерілді – видео

© Photo : СС0 / Alexas_FotosАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысының полициясы тұрғын үйдің бесінші қабатына атпен көтерілген ер адамды анықтады.
Көпқабатты үйдің кіреберісіне атпен кірген ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының полициясы бұзақыны анықтады. Ол Шашубай ауылының 51 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабына сәйкес хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Ауыл тұрғыны осы әрекеті үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.
Жаңалықтар
0