Оқиға

Алматыда барахолка маңындағы қоймадан шыққан өрт сөндірілді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2023
Жазылу
Өрт сөндіру жұмыстарына 100-ге жуық құтқарушы мен 20-дан астам техника жұмылдырылды
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Алматыда қоймадан шыққан өртті сөндіру үш сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 09.31-де жеткен. Бұл кезде өрт қатты жалындап, қойманың төбесі опырылып құлап қалған. Осыған байланысты өрт сөндірушілер өз қатарларында адам шығынын болдырмау үшін мұқият әрекет етті.
"Конструкциялардың опырылып құлауы, сондай-ақ, осы аумақтағы өрт сөндіру гидрантының істен шығуы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Су оқиға орнына келген цистерналардан құйылды. Су жақын маңдағы өрт сөндіру суатынан алынды, "Алматы Су" техникасы тартылды", - делінген хабарламада.
Ведомстводағылар нысан аумағындағы ішкі сумен жабдықтау құбырының істен шығуына нысан иесі жауапты екенін түсіндірді.
Бұған дейін конструкциялардың опырылуы өрт сөндірушілерге қойма ішіне кіруге мүмкіндік бермей жатқаны хабарланған болатын. Қоймадағы өртті сөндіруді тауарлық-материалдық заттардың тығыз жиналғаны да қиындатты.
Жаңалықтар
0