Актер Вахтанг Кикабидзе дүниеден өтті

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуВахтанг Кикабидзе
Вахтанг Кикабидзе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Артист Вахтанг Кикабидзе 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Грузия.
"Вахтанг Кикабидзенің емханада қайтыс болғаны белгілі болды. Ол бірнеше күн бұрын ауырып, ауруханаға жатқызылды. Басқа мәліметтер әзірге айтылмады", - деп жазылған агенттік таратқан ақпаратта.
Әртістің өлімінің себебі әзірше белгісіз. Ақпарат ресми расталған жоқ.
Вахтанг Константинович 1938 жылы 19 шілдеде Тбилисиде дүниеге келген. Орта мектепте ол музыкамен айналысып, студенттер оркестрінің жаттығуларына қатыса бастады, барабанда ойнап, ән айтты.
Кикабидзе өзінің шығармашылық жолын 1959 жылы Тбилиси филармониясының әртісі болып бастады. 1960-1970 жылдары ол "Диэло" және "Орэра" джаз ансамбльдерімен бірге өнер көрсетті.
Вахтанг Кикабидзе кинода алғаш рет 1966 жылы "Таудағы кездесулер" (режиссері Николай Санишвили) фильмінде пайда болды.
Алайда ол режиссер Георгий Данэлияның "Қайғырма!" (1969) картинасында көрермен көзіне түсті. Ол бұл фильмге Софико Чиаурели, Анастасия Вертинская және Евгений Леонов сынды актерлермен бірге жұмыс істеді. Осы фильмдегі рөлі үшін Кикабидзе 1970 жылы Картахенадағы (Испания) халықаралық кинофестивальде "Үздік ер адам рөлі" үшін жүлде алды.
Көрермендер мен сыншылардың жоғары бағасынан кейін жаңа туындылар пайда болды. Олардың қатарында Георгий Калатозишвилидің "Мен тергеушімін" (1972), Георгий Шенгелаяның "Верий орамының әуендері" (1973), Георгий Данелияның "Үміт күттірмес адам" (1973), Вениамин Дорманның "Із-түссіз жоғалған экспедиция" (1975) фильмдері бар. Георгий Данэлияның "Мимино" (1977) комедиясы актерге үлкен танымалдылық әкелді.
Бұл туындыда ол үлкен ұшақты басқаруды армандайтын шағын грузин ауылының ұшқышының рөлін сомдайды.
1986-1990 жылдары Кикабидзе Грузияның "Рэро" мемлекеттік эстрадалық оркестрін басқарды.
1990 және 2000 жылдары ол концерттік іс-шараларға көбірек көңіл бөле отырып, фильмдерге түсуді азайтты.
Вахтанг Кикабидзе – көптеген сыйлықтар мен марапаттардың лауреаты. Олардың ішінде КСРО Мемлекеттік сыйлығы, Грузияның халық әртісі атағы, КСРО МҚК сыйлығы, сонымен қатар көптеген орден бар.
Жаңалықтар
0