https://sputnik.kz/20230114/zhol-politseyler-bagynbagan-zhurgizushi-31120430.html
Ауа райына байланысты жабылған жолда полицейлерге бағынбаған жүргізуші қамауға алынды
Ауа райына байланысты жабылған жолда полицейлерге бағынбаған жүргізуші қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Қарағандылық полицейлердің заңды талабына бағынбай, ауа райына байланысты жабылған тас жолға шығып кеткен жүргізуші сот шешімімен... 14.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-14T19:56+0500
2023-01-14T19:56+0500
2023-01-14T19:56+0500
қоғам
жүргізуші
полицейлер
https://sputnik.kz/img/07e5/02/03/16201073_0:0:1000:563_1920x0_80_0_0_46d16a0dac20135264eb42c7dd282994.jpg
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Қарағандылық полицейлердің заңды талабына бағынбай, ауа райына байланысты жабылған тас жолға шығып кеткен жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.Қарағанды облыстық ПД Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері заңды талапқа бағынбай, тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтірген 31 жастағы елорда тұрғынын анықтады.Оқиға ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған Алматы – Екатеринбург тас жолында болған.Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 667-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды. Әкімшілік материал оның тұрғылықты мекенжайы бойынша соттың қарауына жіберілді.13 қаңтар күні Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам әкімшілік қамауға алынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/03/16201073_81:0:920:629_1920x0_80_0_0_e03f722afac8f38c7b8b0f9006b2e9c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүргізуші, полицейлер
Ауа райына байланысты жабылған жолда полицейлерге бағынбаған жүргізуші қамауға алынды
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Қарағандылық полицейлердің заңды талабына бағынбай, ауа райына байланысты жабылған тас жолға шығып кеткен жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Қарағанды облыстық ПД Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері заңды талапқа бағынбай, тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтірген 31 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Оқиға ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған Алматы – Екатеринбург тас жолында болған.
Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 667-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды. Әкімшілік материал оның тұрғылықты мекенжайы бойынша соттың қарауына жіберілді.
13 қаңтар күні Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам әкімшілік қамауға алынды.