https://sputnik.kz/20230114/smayylov-aldagy-zhyldary-auyldy-orkendetuge-basymdyq-beriletinin-aytty-31109107.html
Смайылов алдағы жылдары ауылды өркендетуге басымдық берілетінін айтты
Смайылов алдағы жылдары ауылды өркендетуге басымдық берілетінін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Қонаев қаласында өткен кеңесте мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында ұсынылған кең... 14.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-14T08:39+0500
2023-01-14T08:39+0500
2023-08-10T17:13+0500
үкімет
ауыл
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0d/31106289_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_0430bff492e40c58fd70732d7053f116.jpg
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Қонаев қаласында өткен кеңесте мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында ұсынылған кең ауқымды реформалар іске асырыла бастағанын атап өтті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Оның айтуынша, жуық арада Ауылдық аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған тұжырымдамасы қабылданады. Ол ауыл экономикасын, жер қатынастарын, жергілікті өзін-өзі басқаруды және басқа да салаларды жаңғыртуға бағытталады. Сонымен қатар Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясындағы жұмыстар, сондай-ақ бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және суармалы жерлерді көбейту бойынша жұмыстар жалғасады.Премьер-министр әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша да ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Бұл бағытта "Жайлы мектеп" және "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жаңа ұлттық жобалары іске асырыла бастады. Атап айтқанда, 2026 жылға дейін облыста 68 мың орынға арналған 63 мектеп және 38 жаңа медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын ашу жоспарлануда."Үш ауысымды оқыту мәселесін шешу үшін қосымша 9 мектеп салу қажет. Қаржы министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты бюджеттен тыс қорымыз бар. Оған 120 млрд теңге түсті. Әкімдік Оқу-ағарту министрлігіне қаражат бөлуге тиісті өтінім беру керек", — деді Әлихан Смайылов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0d/31106289_569:0:3300:2048_1920x0_80_0_0_1a243feb98d3410a9fa2887abe703ff0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, ауыл
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Қонаев қаласында өткен кеңесте мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында ұсынылған кең ауқымды реформалар іске асырыла бастағанын атап өтті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Онда дамудың негізгі драйверлері ретінде өңірлерге ерекше көңіл бөлініп отыр. Президент тапсырмасына сәйкес, алдағы жылдары ауылдық аймақтарды өркендетуге басымдық беріліп, ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады. Бұл ретте еліміздің аграрлық-индустриялды өңірі болып саналатын Алматы облысының алатын орны ерекше", — деді Смайылов.
Оның айтуынша, жуық арада Ауылдық аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған тұжырымдамасы қабылданады. Ол ауыл экономикасын, жер қатынастарын, жергілікті өзін-өзі басқаруды және басқа да салаларды жаңғыртуға бағытталады. Сонымен қатар Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясындағы жұмыстар, сондай-ақ бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және суармалы жерлерді көбейту бойынша жұмыстар жалғасады.
Премьер-министр әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша да ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Бұл бағытта "Жайлы мектеп" және "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жаңа ұлттық жобалары іске асырыла бастады. Атап айтқанда, 2026 жылға дейін облыста 68 мың орынға арналған 63 мектеп және 38 жаңа медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын ашу жоспарлануда.
"Үш ауысымды оқыту мәселесін шешу үшін қосымша 9 мектеп салу қажет. Қаржы министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты бюджеттен тыс қорымыз бар. Оған 120 млрд теңге түсті. Әкімдік Оқу-ағарту министрлігіне қаражат бөлуге тиісті өтінім беру керек", — деді Әлихан Смайылов.