https://sputnik.kz/20230114/politsiya-pavlodar-oblysy-avtokolikti-tas-zhol-31122444.html
Полиция 800-ге жуық автокөліктен тұратын колоннаны діттеген жеріне жеткізді
Полиция 800-ге жуық автокөліктен тұратын колоннаны діттеген жеріне жеткізді
Sputnik Қазақстан
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 800-ге жуық көлікті павлодарлық полицейлер елордаға және Павлодар облысымен шекара аумағына алып шықты 14.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-14T17:29+0500
2023-01-14T17:29+0500
2023-01-14T17:29+0500
өңірлер
полиция
көлік
https://sputnik.kz/img/412/30/4123067_0:0:2427:1365_1920x0_80_0_0_0ba74bda8e0585d6bece1980e2ba13f1.jpg
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. 13 қаңтарда Павлодар облысы Шідерті ауылында ауа райының қолайсыздығынан туындаған көлік кептелісі сейіле бастады, деп хабарлайды Polisia.kz.Қаңтардың 12-сі күні боран салдарынан жол апатын болдырмау мақсатында Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық тас жолы жабылды.Полиция жасақтары мен басқа да құзырлы органдар күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады: бақылау-өткізу бекеттері орнатылды, жақын маңдағы елді мекендерде жылу орындары белгіленді, қосымша экипаждар тартылды.Тас жолдың жабылуы мен қар құрсауына байланысты көлік кептелісі түзілді.13 қаңтарда полиция департаментінің басшылығы автокөліктер легін бір жолақ бойынша патрульдік полиция ротасының экипаждарымен бірге алып жүруді қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Тәулік ішінде полиция экипаждары елордадан Павлодар облысының шекарасына дейін 300-ге жуық автокөлікті, қарсы бағытта, яғни, Павлодар облысынан елордаға дейін тағы 500 көлікті алып шықты.Sputnik Қазақстан хабарлағандай, бейсенбі күні түнде ауа райының нашарлауына байланысты Павлодар облысында барлық бағытта көлік қозғалысы жабылды.Осыған байланысты, Павлодар – Астана тас жолының Шідерті елді мекенінде 270 көлік, оның 115-і жүк және 155-і жеңіл көлік тұралап қалды. Бұл көліктерде 511 азамат болса, оның 12-сі балалар болған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/412/30/4123067_0:0:2157:1618_1920x0_80_0_0_5639efe595c7907e8be5bf7159518db7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, көлік
Полиция 800-ге жуық автокөліктен тұратын колоннаны діттеген жеріне жеткізді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 800-ге жуық көлікті павлодарлық полицейлер елордаға және Павлодар облысымен шекара аумағына алып шықты
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. 13 қаңтарда Павлодар облысы Шідерті ауылында ауа райының қолайсыздығынан туындаған көлік кептелісі сейіле бастады, деп хабарлайды
Polisia.kz. Қаңтардың 12-сі күні боран салдарынан жол апатын болдырмау мақсатында Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық тас жолы жабылды.
Полиция жасақтары мен басқа да құзырлы органдар күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады: бақылау-өткізу бекеттері орнатылды, жақын маңдағы елді мекендерде жылу орындары белгіленді, қосымша экипаждар тартылды.
Тас жолдың жабылуы мен қар құрсауына байланысты көлік кептелісі түзілді.
13 қаңтарда полиция департаментінің басшылығы автокөліктер легін бір жолақ бойынша патрульдік полиция ротасының экипаждарымен бірге алып жүруді қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Тәулік ішінде полиция экипаждары елордадан Павлодар облысының шекарасына дейін 300-ге жуық автокөлікті, қарсы бағытта, яғни, Павлодар облысынан елордаға дейін тағы 500 көлікті алып шықты.
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, бейсенбі күні түнде ауа райының нашарлауына байланысты Павлодар облысында барлық бағытта көлік қозғалысы жабылды.
Осыған байланысты, Павлодар – Астана тас жолының Шідерті елді мекенінде 270 көлік, оның 115-і жүк және 155-і жеңіл көлік тұралап қалды. Бұл көліктерде 511 азамат болса, оның 12-сі балалар болған.