Өңірлер

Петропавлда қоқыс шығару тарифі екі есе өсуі мүмкін

© Sputnik / Елена БережнаяҚоқыс
Қоқыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Петропавлда қоқыс шығару тарифін екі еседен астам бағаға көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Петропавл қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша халыққа арналған тарифтерді бекіту туралы" қаулы жобасы Ашық нормативтік-құқықтық актілердің сайтында жарияланған.
Қалалық мәслихаттың шешімімен абаттандырылған үйлерге арналған жаңа тариф бір тұрғын үшін айына 480 теңгені, абаттандырылмаған үйлерге арналған бір тұрғын үшін айына 510,15 теңгені құрайды. Заңды тұлғаларға арналған жылдық тариф 1 текше метр үшін 2 782,61 теңгені құрайды.
Жоба 26 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауда болады және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Айта кетері, қазір абаттандырылған үйлердің тұрғындары үшін қоқыс шығару тарифі бір адамға 220 теңгені, жеке сектор үшін 234 теңгені, заңды тұлғалар үшін 1 текше метрге 2530 теңгені құрайды. Қаулы жобасы осы жылдың 26 ​​қаңтарына дейін қаралады.
Айта кетейік, Петропавлда 2017 жылдан бері қоқыс шығару тарифі қымбаттамаған. Бұл қызметтің құнын көтеру қажеттілігі әлдеқашан туындаған және коммуналдық қызметтер бұл мәселені түрлі алаңдарда бірнеше рет көтерген.
Сонымен қатар, қала әкімдігінің мәліметінше, Петропавл тұрғындарының қоқыс шығаруға қарызы 25 миллион теңгеден асып кеткен. Қалада қоқыс шығарумен төрт кәсіпорын айналысады және олардың базасында 24 дана техника бар.
Жаңажылдық мерекелерден кейін қаланың бірнеше ықшам ауданындағы қоқыс орындары жиналмай қалды. Қала әкімдігі қоқыс шығару қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
"Температураның төмендеуіне байланысты "Коммунсевер" ЖШС қоқыс шығаратын мекеменің екі көлігі істен шықты. Осы себепті бірнеше күн қатарынан қаланың жекелеген аудандарында қоқыс шығарылмады", - деді қала әкімдігіндегілер.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпорындар тариф өзгеріссіз қалған бес жыл ішінде жанар-жағармай бағасының, басқа да шығындардың айтарлықтай өскенін атап өтті. Сондықтан бірнеше жылдан бері кәсіпорындар материалдық-техникалық базаны жаңарта алмай келеді. Соның салдарынан арнайы техника жиі істен шығып, тұтынушылар зардап шегуде.
Жаңалықтар
0