Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы жүзден астам адамнан анықталды

© AFP 2024 / MOHAMMED ABEDМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 111 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 112 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 14 желтоқсандағы мәлімет бойынша 2 280 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 220 пациент стационарда, 2 060 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр,
7 пациенттің жағдайы өте ауыр,
4 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 404 754 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
Жаңалықтар
0