https://sputnik.kz/20230114/ekibastuz-zheo-tort-qazandyq-zhumys-31121481.html
Екібастұз ЖЭО-да тек төрт қазандық жұмыс істеп тұр
Екібастұз ЖЭО-да тек төрт қазандық жұмыс істеп тұр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. "Екібастұзжылуэнерго" бас директорының міндетін атқарушы Дмитрий Захаров Екібастұз қаласын жылумен қамту жағдайы туралы айтып... 14.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-14T16:45+0500
2023-01-14T16:45+0500
2023-01-14T16:45+0500
өңірлер
екібастұз
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0e/31117794_0:0:2708:1523_1920x0_80_0_0_52dda44ce3b7a3c75475caa4aefe5f62.jpg
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. "Екібастұзжылуэнерго" бас директорының міндетін атқарушы Дмитрий Захаров Екібастұз қаласын жылумен қамту жағдайы туралы айтып берді.Оның айтуынша, сағат 10.00-де жылу беруге арналған температура 67 градус, қайту жолында 50 градусты құрайды."Қазір төрт қазандық жұмыс істеп тұр: 9, 13, 14, 15. Жөндеу жұмыстарынан кейін 8 қазандық агрегатын ысыту басталды. 09.30-да қосалқы жабдықтардағы ақауларды жою үшін 12 қазандық жұмысы тоқтатылды. 14.00-ге қарай 11 қазандық агрегатындағы жұмыстарды аяқтап, оны іске қосу жоспарланып отыр", - деді спикер.Ал жаңадан орнатылған жылу желісін қайта қосу үшін екі мектеп пен екі көпқабатты тұрғын үйге жылу беруді тоқтату жоспарланып отыр."Жөндеу жүргізіліп жатқан барлық нысанға жөндеу мамандары мен мердігер ұйымдар тартылған", - деп түйіндеді Захаров.Айта кетері, кеше "Павлодарэнерго" АҚ басшысы Вадим Лесин баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, ЖЭО-да 6 қазандық, кейін бес қазандық жұмыс істеген. 11 қазандық агрегаты жөндеу жүргізу үшін тоқтатылды. Оны 13 қаңтарда сағат 00-де іске қосамыз деп жоспарланған еді, бірақ, бұл мүмкін болмады."Павлодарэнерго" АҚ бас директоры Екібастұз ЖЭО қаланы қажетті жылу параметрлерімен қамтамасыз ете алмайтындықтан пәтерлер салқын екенін мойындады. Ол қаланы жылумен қамту жағдайын қалыпқа келтіру мерзімін нақты айта алмады.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0e/31117794_0:0:2708:2031_1920x0_80_0_0_a092f3757afce37f4534b86dfffb0812.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. "Екібастұзжылуэнерго" бас директорының міндетін атқарушы Дмитрий Захаров Екібастұз қаласын жылумен қамту жағдайы туралы айтып берді.
Оның айтуынша, сағат 10.00-де жылу беруге арналған температура 67 градус, қайту жолында 50 градусты құрайды.
"Қазір төрт қазандық жұмыс істеп тұр: 9, 13, 14, 15. Жөндеу жұмыстарынан кейін 8 қазандық агрегатын ысыту басталды. 09.30-да қосалқы жабдықтардағы ақауларды жою үшін 12 қазандық жұмысы тоқтатылды. 14.00-ге қарай 11 қазандық агрегатындағы жұмыстарды аяқтап, оны іске қосу жоспарланып отыр", - деді спикер.
Ал жаңадан орнатылған жылу желісін қайта қосу үшін екі мектеп пен екі көпқабатты тұрғын үйге жылу беруді тоқтату жоспарланып отыр.
"Жөндеу жүргізіліп жатқан барлық нысанға жөндеу мамандары мен мердігер ұйымдар тартылған", - деп түйіндеді Захаров.
Айта кетері, кеше "Павлодарэнерго" АҚ басшысы Вадим Лесин баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, ЖЭО-да 6 қазандық, кейін бес қазандық жұмыс істеген. 11 қазандық агрегаты жөндеу жүргізу үшін тоқтатылды. Оны 13 қаңтарда сағат 00-де іске қосамыз деп жоспарланған еді, бірақ, бұл мүмкін болмады.
"Павлодарэнерго" АҚ бас директоры Екібастұз ЖЭО қаланы қажетті жылу параметрлерімен қамтамасыз ете алмайтындықтан пәтерлер салқын екенін мойындады. Ол қаланы жылумен қамту жағдайын қалыпқа келтіру мерзімін нақты айта алмады.