Андрей Лукин мен Бибігүл Жексенбай сенатор болып сайланды

© Sputnik / Абзал КалиевВыборы в сенат, голосование в Астане
Выборы в сенат, голосование в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Астанада сенат сайлауының алдын ала қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Хаттамаға сәйкес, экс-сенатор Андрей Лукин мен сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай депутат болып сайланды.
Табиғат Зейнұлқабден, 1974 жылы туған, "Астана су арнасы" мекемесінің басшысы – 6 дауыс;
Сайранбек Әбілқайыр, 1986 жылы туған, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры – 4 дауыс;
Андрей Лукин, 1961 жылы туған, экс-сенатор – 19 дауыс;
Наримаш Мұхамбеталина, 1961 жылы туған, Бейбітшілік және келісім сарайының басқарушысы – 4 дауыс.
Бағдат Азбаев, 1974 жылы туған, "Астана-Теплотранзит" АҚ басқарма төрағасы - 6 дауыс;
Бибігүл Жексенбай, парламент сенаты төрағасының кеңесшісі – 18 дауыс.
Бір сайлаушы барлығына қарсы дауыс берген.
Жаңалықтар
0